Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Жастар екпе салдырды

Жастар екпе салдырды

Қазір әлем елдері коронавирус індетімен күресіп жатқаны белгілі. Жұқпалы дерт халықтың денсаулығы мен өміріне үлкен қауіп төндіріп отыр. Бұл кеселді жеңудің негізгі жолы - вакцина салдыру.

Елді мекендегі белсенді жас, «Жалын» еріктілер штабының үйлестірушісі Алмат Бағдатұлы жақындары мен туыстарын қорғау мақсатында вакцина салдырды.

Бүгін коронавирустық инфекцияға қарсы Спутник - V вакцинасын алдым, вакцина алғанға дейін аудандық аурухана дәрігерлеріне қабылдандым, ешқандай қарсы көрсетілімдер табылған жоқ, вакцинаны алғаннан кейін 30 минут ішінде дәрігердің бақылауында болу міндетті шарт болып табылады екен. Бұл вакцина 2 сатылы болғандықтан, келесі вакцинаны 21 күннен кейін алуды жоспарлап отырмын. Айта кету керек, вакцина дерттің алдын-алу шараларымен бірге пандемияны бақылауға алуға көмектесетін маңызды құрал болып табылады, сондықтан баршаңызды вакцина алуға шақырамын. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар,-дейді ерікті жас Алмат Бағдатов.

Өзіңіздің және жақындарыңыздың амандығы үшін вакцина қабылдауда белсенді болуға шақырамыз.
04 мамыр 2021 ж. 774 0