Тұмауға қарсы егу басталды
Биыл пандемияға байланысты былтырға қарағанда тұмауға қарсы вакцинациялау ерте басталды.
Жыл сайын екпе 1 қазаннан салынатын еді. Осы жылы 15 қыркүйектен қолға алынды. Жалпы, облыс бойынша биыл 90 000 вакцинаға сұраныс берілген. Халықтың 11,4 процентін қамтуға мүмкіндік бар. Вакцинаны бірінші кезекте медицина қызметкерлері, созылмалы аурулары бар науқас балалар мен ересектер, қарттар үйі мен сәбилер үйінің балалары, жүкті әйелдер алады.
Осы ретте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов көпшілікпен бірге №3 емханада тұмауға қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды syrboyi.kz
– Егу 15 қыркүйектен 10 қазанға дейін жалғасады. Біз ұсынып отырған тұмауға қарсы вакцина Ресейден шыққан. Осы сәтті пайдалана отырып, егу – тұмаудың алдын алуға таптырмас мүмкіндік екенін айтқым келеді. Сондықтан халықты вакцина салдыруға шақырамын. Бүгін өзім де осы вакцинаны қабылдадым, – дейді ол.
Тұмауға қарсы екпені салдыруға қала тұрғыны Әділбек Жақсылықов та келді. Мамандар алдымен оның дене қызуы мен қан қысымын өлшеп, тексеруден өткізді. Содан кейін екпе бөлмесіне барып, вакцина салдырды.
– Былтырдан бастап тұмауға қарсы вакцина алып жүрміз. Биыл 15 қыркүйекте басталды дегенді естіген болатынмын. Бүгін салдырудың сәті түсті. Өткен жылы қараша айында алған едім. Қыста тұмаумен ауырған жоқпын. Меніңше, вакцинаның пайдасы көп. Тұмаудың алдын алады, – дейді ол.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы вакцинаға қарсылық танытып жатқан тұрғындарға да кеңесін айтып өтті.
– Қай дәрінің де кері әсері болуы мүмкін. Соған байланысты кері пікір туындайды. Жалпы, біз пайдаланып отырған вакцина бірінші рет қолданылып тұрған жоқ. Тиімділігіне көз жеткізілген, – деді ол.