Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Жастары белсенді елдің ертеңі жарқын

Жастары белсенді елдің ертеңі жарқын

Қазір әлем елдері коронавирус індетімен күресіп жатқаны белгілі. Жұқпалы дерт халықтың денсаулығы мен өміріне үлкен қауіп төндіріп отыр. Бұл кеселді жеңудің негізгі жолы - вакцина салдыру.

«Жас Отан» жастар қанатының мүшесі, «Жалын» еріктілер штабының еріктісі Үрістем Асылхан жақындары мен туыстарын қорғау мақсатында вакцина салдырды.

– Бүгін коронавирустық инфекцияға қарсы «Hayat-Vax» вакцинасын алдым, вакцина алғанға дейін ауылдық аурухана дәрігерлеріне қабылдандым, ешқандай қарсы көрсетілімдер табылған жоқ, вакцинаны алғаннан кейін 30 минут ішінде дәрігердің бақылауында болу міндетті шарт болып табылады екен. Бұл вакцина 2 сатылы болғандықтан, келесі вакцинаны 21 күннен кейін алуды жоспарлап отырмын. Айта кету керек, вакцина дерттің алдын-алу шараларымен бірге пандемияны бақылауға алуға көмектесетін маңызды құрал болып табылады, өз денсаулықтарыңызды ойлап баршаңызды вакцина алуға шақырамын. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар, – дейді «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі Үрістем Асылхан.

Өзіңіздің және жақындарыңыздың амандығы үшін вакцина қабылдауда жастарды белсенді болуға шақырамыз.
13 маусым 2021 ж. 597 0