Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Биылғы жылы дарияға судың жылдағыдан аз келуі шаруаларға жайсыздық туғызып отыр. Соның салдарынан аймақта егін мен мал азықтық дақылдар бітік шықпай, көпшілікті сарсаңға салуда. Нәтижесі мал басының қырылып, бұл өз кезегінде қымбатшылыққа апаруда.

«Көршісі соқыр болса, бір көзін қысып жүретін» қазақ халқында жылу жинау, асар сынды дәстүрлер бар. Біз – «Ашаршылықта жеген құйқаның дәмі кетпес» деп қиын-қыстау заманда бір-біріне көмек қолын созып, көпшілікпен тар жолдан тайғанамай шығатын текті халықтың ұрпағымыз.

Соңғы жаңалықтарға сәйкес облысқа қарасты Арал ауданында орын алған жаға ұстатарлық жағдайдан бәріміз хабардармыз. Осы тұста, жұмыла көтерген жүктің жеңіл екенін айта келе, ел болып қуаңшылық кесірінен талай түлігінен айырылған аралдық ағайынға қолдау көрсетуге шақырамын. Жергілікті шаруашылықтар мен ерікті жастар қарекетке қазірден-ақ кірісіп кетті. Игі бастамаларды бастап, ел-халыққа қолдау көрсету – әрбіріміздің парызымыз. Ендеше, Тәңірден келген уақытша сынақта сынбай, күш біріктіріп, қиындықты бірлесе жеңейік. Әрдайым бірге, әрқашан алда болған халықтың Тәуелсіздігі тұтас, азаттығы мәңгілік болғай!


Сайлау Мақпалбай,
С.Сейфуллин ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы
10 шілде 2021 ж. 402 0