Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 2005 жыл: Сырдариялықтар саяси науқанда белсенді

2005 жыл: Сырдариялықтар саяси науқанда белсенді

Шежірелі тарихтың қой­на­уына енген Тәуелсіз­діктің он төртінші жылында ел көлемінде елеулі оқиғалар орын алды. Сыр жұртшылығы Қызыл­орда қаласының еліміздің астанасы бол­ғанына 80 жыл толуына орай дүркіретіп думанды той өткізді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұң­ғыш астана хал­қы­на құт­тықтау хат жолдап, Ақмешіттің мерейін асқақтатты. Осы жылы жергілікті ақын, сатира сардары Асқар Тоқмағамбетовтің 100 жылдығы республика көлемінде тойланды. Сонымен бірге 2005 жылы ҚР Президетін және ҚР Парламенті Сенаты депутатын сайлау науқаны жүзеге асты.

2005 жылдың 4 желтоқсанында ҚР Прези­дентінің кезекті сайлауына түсу үшін 5 кандидат тіркелді. Ел үшін маңызды оқиға саналған сайлауда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Жар­мақан Тұяқбай, Әлихан Бәйменов, Ерасыл Әбілқасымов, Мэлс Елеусізов өзін үміткер ретінде ұсынған. Жалпы алғанда, еліміз бо­йынша саяси науқанға 8 млн 880 мыңнан астам сайлаушының 6 млн 850 мыңы белсенді қатысқан. Орталық сайлау комис­сиясының рес­ми қорытындысы негізінде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев 91,1 пайызбен жеңіске жеткен. Осы жылдың жазында ҚР Парла­менті Сенаты депутатын сайлауы өткізіліп, өңірімізден Шәкизада Әбдікәрімов, Алмагүл Божанова, Бақберген Досманбетов, Биғали Қаюпов бақтарын сынаған.

Ауданда 2005 жылдың жартыжылдығының көрсеткіші бойынша мемлекеттік бюджетке 226,7 млн теңгенің салығы мен төлімдері түскен. Жыл басында аудан бюджеті трансферттерді қосқанда 683,0 теңге болып белгіленіп, 1228,0 млн-ға жетіп, 2 есеге өскен. Өнеркәсіп өнімі 98 пайызға, ауыл шаруашылығы өнімі 105 па­йызға, агросекторларға тартылған инвестиция көлемі 1,5 есеге, жалпы ішкі өнім көлемі 103,6 пайызға, жүк айналымы 109 пайызға, тасымалданған жолаушы саны 110 пайызға, тұрғын үй 1,2 есеге, күрделі құрылысқа бөлін­ген қаржы 6 есеге артық орындалған.

Республикалық бюджеттен 30,0 млн тең­ге бөлініп, Тереңөзек кентінің ауыз су жүйе­сін қалыпқа келтіру жұмысы жүргізілген. Жер­гілікті бюджет есебінен 10 ауылдық округте су құбырлары желісін жаңғыртылған. Кә­сіп­керлік саласы бойынша есепті мерзімде бірнеше бағытта жобалар қарастырылған. Негізінен, 984 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, барлығы 4485 адам жұмыспен қамтылған. «Кедейшілік пен жұмыссыздықты жеңу» бағдарламасы шеңберінде халықтың әл-ауқаты назарға алынған. Соның негізінде 280 жұмыссыз тіркеліп, 410 тұрақты жаңа жұмыс орны ашылған. Аталған бағдарлама шеңберінде 871 отбасына атаулы көмек, 57 отбасына коммуналдық қызмет көрсету ақысы төленген. Өз кезегінде әлеуметтік қам­қорлықты қажет ететін 143 отбасыға Терең­өзек кентінен 20 гектар жер ашылып, саяжай­лыққа берілген.

Осы жылы мал шаруашылығын дамыту мақса­тында 2 серіктестік 400-ден астам асыл тұқымды мал сатып алған. 2005 жылы бере­келі Сырдария ауданы толағай табысқа жетті. Мәселен, қыс айларында су тасқынын алдын алуға байланысты толымды мәселелер шешілді. Сырдария өзенінен 350 текше метр су алатын құны 811,0 млн теңге «Қараөзек» арнасының құрылысы жүргізілді.

Осыдан 16 жыл бұрын Тәуелсіздіктің шапа­ға­тын сезініп, халықтың жағдайы жақ­сара түсті. Мәселен, ауданнан шалғайда ор­на­­ласқан Іңкәр­дария ауылының бөлімшесі «Қара­қасқаға» элек­тр жарығы берілді. Сол кез­дегі аудан әкімі Ибрагим Әбибуллаев ауыл жұртшылығы талай жыл күткен айтулы оқиғамен құттықтады. Аудан тұрғындары жаңа пәтер кілтіне қол жеткізді. Білім беру сала­сы бойынша 2005 жылы біршама жобалар жүзеге асырылды. Ауданға қарасты О.Мәлібаев, Н.Ілиясов, Ақжарма ауылдарында жа­ңадан балабақша пайдалануға берілді.

Денсаулық сақтау саласында 17 аудандық және ауылдық емдеу мекемесі жұмыс жасаған. Емдеу мекемелерінде 79 дәрігер, 354 медицина қызметкері халыққа қызмет көрсеткен.

Аудан әкімінің өкімімен Ғани Сейтасқар мен Балшекер Өтегенова аудан әкімінің орынбасары, Мақсұт Нұртазаев аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бө­лімінің меңгерушісі, Қайрат­бек Сәрсенбаев аудандық экономика және қаржы бөлімінің меңгерушісі, Бақытжан Жақып Асқар Тоқ­мағамбетов ауылының әкімі қызметіне та­ғайындалды. Өз кезегінде аудан әкімдігінің аппарат басшысы қызметін атқарған Жеңісбек Төрәлиев аудандық мәдениет және ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне кірісті.

Сырдариялық спортшылар Жалағаш ауданында өткізілген облыстық «Ақмаржан» спартакиадасында жүлделі І орын жеңіп алды. Спорт саңлақтары волейбол, үстел теннисі, то­ғыз­құмалақ, дойбы, шахмат, қазақша күрес, футбол, президенттік сынама, қол күресі, гір та­сын көтеру сайыстары бойынша бақ сынады.

Аманкелділік Ұлпан Әбідкәрімова Бірін­ші ұлттық Дельфийлік ойындарында «Эстра­далық ән салу» номинациясы бойынша ІІІ орынды жеңіп алды. Жас талант ақын Лена Әбдіқалықованың Астана қаласында өткен шы­ғармашылық кешіне қатысты. Жас өнерпаз Байқоңыр қаласында өткізілген «Менің туған өлкем» атты балалар байқауында жүлделі ІІІ орынды жеңіп алып, Болгарияға жолдама алды.

2005 жылы ауыл шауашылығы саласы бо­йынша еңбек озаттары дараланды. Шаруа­шылық басшылары мен егінші қауым жоғарғы марапаттарға ие болып, қырманды мол ас­тыққа толтырды. Аграрлық саланың серпінді дамуының негізі «Шапағат LTD» ЖШС-нің 300 тонналық, «Абзал және К» 75 тонналық жаңа технологиялық күріш ақтау зауыты пай­далануға бірілді.

Балтабай ОРДАБЕКОВ 
26 маусым 2021 ж. 236 0