Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәуелсіздік тарихы – менің тарихым

Тәуелсіздік тарихы – менің тарихым

Азат елдің озат ойлы жастарының жаңа жетістіктерге жетуі үшін бүгінде жаңа мүмкіндіктер ашылды.

Елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын жастарға үлкен сенім артып отырған Елбасының бастамасымен 2019 жылдың «Жастар жылы» ретінде белгіленуі, Президенттің тапсырмасымен 2020 жылдың «Волонтер жылы» болып аталып өтілуі, 2121 жылы Мәжіліс пен мәслихаттарда жастар үшін квота берілуі жас буынға деген зор қолдау болды. Сондықтан Тәуелсіздік алған жылдар ішінде білім аламын, өнер меңгеремін, жұмыс жасаймын деген жастарға барлық мүмкіндіктер жасалды. Тіпті, қазақстандық жастардың әлемнің ең озық елдерінде білім алуына барлық мүмкіндік қарастырылды. Елбасы саясатының кемел болуының нәтижесінде Тәуелсіз ел жастары ата-бабамыз арман еткен белестерді бағындырды. Мұның бәрі егемендігіміздің жемісі.

Жастарға көрсетілген қолдау негізде  «Nur Otan» партиясының «Праймериз» жобасында жақсы нәтижеге қол жеткізіп, «Nur Otan» партиясының Сырдария аудандық филиалының партиялық тізімі бойынша Сырдария аудандық мәслихатының депутаты болып сайландым. Аудандық мәслихаттағы ең жас депутат екенімді ескере отырып, мен үшін Тәуелсіздіктен асқан құндылық жоқ екенін, халықтың, елдің мүддесі бәрінен биік екенін айтқым келеді. Бүгінгі күнге дейін жинаған білімім мен тәжірибемді қасиетті Сырдария ауданының, алты Алашқа ана болған, пана болған киелі Сыр елінің және ортақ Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстан Республикасының дамуына арнайтын боламын.

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ 
21 маусым 2021 ж. 941 0