Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Дәрігерлерге ризашылығымызды білдіреміз

Дәрігерлерге ризашылығымызды білдіреміз

Адамның өмірі үшін күрес – Гиппократ антына адал дәрігерлердің басты парызы. Біз аудандық ауруханаға қарасты жаңадан ашылған инфекциялық-реанимациялық бөлімшеде ем қабылдап жатқанда дәрігерлер тарапынан осындай қызметті, құрметті сезіндік. Дәрігерлер мен мейірбикелер шеттерінен мейірімді, инабатты. Мұндай ортада әрине сырқатынды жеңіп шығуға, сауығуға ұмтыласын. Дәрігерлердің көмегімен кеселімізден құлан таза айықтық. Бөлімшеде тазалық пен тәртіп жоғары деңгейде. Мұның барлығы сайып келгенде аудандық аурухана бас дәрігері Мырзағалиева Нұржамал Жұмағалиқызының ұйымдастыру қабілетінің жоғары, талапшыл басшы, емделушілерге деген құрметінің ерекше екендігін көрсетеді. Сондай-ақ дәрігерлер Садықова Манат Рүстемқызына, Әбішова Нейля Темірханқызына, орта буын медицина қызметкері Жандос Талапбаевқа және бөлімшенің барлық мейірбикелері мен тазалықшыларына алғыс айтып, ризашылығымызды білдіреміз! Еңбектеріңіздің жемістерін көріңіздер де­мекпіз!

Емделушілер атынан Серіккүл Ешмұратова, Жәмиға Нұғыман
15 мамыр 2021 ж. 461 0