САЛА ЖҰМЫСЫ САПАЛЫ

Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап жаңадан 127 компьютер алынып, аудандық емхана, барлық елдімекендерде және ауруханада «Кешенді медициналық ақпараттандыру жүйесі» қолданысқа енгізілді. Медицина саласын цифрландыру бойынша «Жол картасының» нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін «Дамумед» цифрлық пост құрылып, халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Ауданның медициналық қызмет көрсеткіштері облыста жоғары деңгейде. Жаңа медициналық қондырғылармен қамтамасыз етілу былтырғы 73 пайыздан 85 пайызға көтерілді. Жаңадан бөлімдер ашылып, аудандық перзентхана екінші деңгейге өтті. 4 жас маман үймен қамтамасыз етіліп, мекемеге 3 жаңа көлік келді.
Сайып келгенде мұның барлығы халық денсаулығын қорғау жолында жасалып отырған кешенді жұмыстар. Ол заңды жалғасын табатын болады.
Қайрат ЕРМАНОВ,
күндізгі бөлім дәрігері
күндізгі бөлім дәрігері