Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АЛТЫН ҚОЛДЫ ДӘРІГЕРЛЕР

АЛТЫН ҚОЛДЫ ДӘРІГЕРЛЕР


Кез келген емдеу орнының жұмысы үйлесімді болғаны қандай жақсы. Бұл сырқаттар үшін басты қажеттілік. Облыстық медицина орталығына қарасты урология бөлімшесінің күнделікті тыныс-тіршілігіне осындай үйлесімділік пен жауапкершілік тән. Бүйрек және қуық асты безі ауруларының алдын алуға және ота жасауға маманданған ұжым дәрігерлерінің арасында сыпайылық пен кәсіби шеберлік  алдыңғы орында тұрады. Мұнда аптасына екі, одан да көп ота жасалады. Сонда айына, жылына жүздеген сырқат ескі науқасынан айығып, қатарға қосылатынын дәрігерлердің жанкешті еңбегінің жемісі десек артық айтқандық емес. Ота толық дерлік қазіргі заманауи құрылғыларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Онымен жұмыс жасайтын дәрігерлердің кәсіби шеберлігі де айтуға тұрарлық. Бөлімше меңгерушісі И.Ж.Валишаев Семей мемлдекеттік медицина институтының түлегі. Исахмет Жаркенұлы урология және эндовыдерология бойынша Алматы, Астана,  Москва, Санкт Петербург және Минск қалаларында мамандығын жетілдіру курстарынан өткен. Бүйрекке, қуыққа және қуық асты безіне күрделі ашық және кішіинвазиттік эндоурологиялық оталар жасайдан бай тәжірибесі бар. Еңбектегі үздік жетістіктері үшін ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мемлекеттік мерекелік және Қызылорда облысының 70 жылдығы медалдарымен марапатталған. 2012 жылдың үздік дәрігері. Урология бөлімшесінің ординатор дәрігері Еркін Қонысұлы Искаков туралы да жылы лебіз білдіруге болады. Ол М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетін тәмамдаған. 2011 жылы урология бойынша Алматы мемлекеттік дәрігерлердің білімін жетілдіру институтында маманданудан өткен. Бірнеше мәрте эндовидеохирургия бойынша өз тәжірибесін Алматы қаласындағы урология орталығында толықтырды. 2015-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік «Болашақ» бағдарламасы бойынша Израйль мемлекетінің «WOLFSON» жетекші клиникасында тәмлімдамадан өтті.

Бөлімшеде тазалық пен тәртіп орнаған. Мұндай жұмысы үйлесімді орында сырқаттар кеселінен тез айығып, отбастарына оралады. Рухани жаңғыру кезеңінде өздерінің кәсіби шеберліктері мен жанкешті еңбектерін елдің басты байлығы – ұлт саулығын нығайту жолына арнап жатқан жандарға табыс тілейміз.
Ш.Нұрсейітов
18 қаңтар 2018 ж. 1 154 0