Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

№93 газет

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қоғамдық бірлестік құрамында барлық этнос өкілдері бар

Қоғамдық бірлестік құрамында барлық этнос өкілдері бар

Елімізде ұлттар достығының мызғымас үлгісі қалыптасқан. Биыл ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлайтын зайырлы мемлекетте өзге этнос өкілдерінің мәдениеті, тілі, салт-дәстүрі дамуы үшін барлық мүмкіндік жасалған. Сонымен бірге этномәдени бірлестіктер тұрақтылықты сақтау мақсатында өзара тығыз байланыс орнатып келеді. Осыдан 6 жыл бұрын «Ассамблея жылы» аясында ауданда «Достығымыз жарасқан» қоғамдық бірлестігі құрылған болатын. Өзге этнос өкілдерінің ұлттық мүддесін қолдау мақсатында қоғамдық бірлестіктің басым-бағыттары жөнінде бірлестік үйлестірушісі Нұргүл Күдебаевамен сұхбаттасқан едік.
– Нұргүл Нұрланқызы, аудан көлемінде тұратын этнос өкілдерінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Ауданда этнобағыт бо­йынша атқарылатын жұмыстар жөнінде айтып берсеңіз?
– Қырық мыңға жуық аудан халқы бір-бірімен тату-тәтті тығыз байланыс орнатып, құндылықтар көкжиегін кеңейтуде. Өзге этнос өкілдері бір үйдің баласындай мызғымас бірліктің арқасында салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрпын көпшілікке танытуда. Ассамблея жұмысына үн қосқан «Достығымыз жарасқан» қоғамдық бірлестігінің мүшелері қай кезде де белсенділігінен тайған емес. Қоғамдық бірлестік құрамында көптеген этнос өкілдері бар.
Аталған бірлестіктің жұмысын жандандыру мақсатында аудандық ішкі саясат бөлімі арқылы аудан әкімі мен аудандық мәслихатқа «Түрлі этнос өкілдері арасында шаралар ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы ұсынылған болатын. Атқарушы билік тарапынан ұсынысымыз қолдау тапты. Ауқымды жоба тұрақты түрде мемлекеттік тапсырыс негізінде аудандық бюджеттен қаржыландырылып келеді. Арнайы бөлінген қаражат шеңберінде өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен қайырымдылық акциялары, мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырудамыз. Мәселен, «Достық – ең басты байлық» тақырыбында шығармалар байқауы, «Қазақстан – ортақ үйіміз» тақырыбында үлгілі отбасылармен кездесу, «Ұлттың қуаты тілінде» тақырыбында интеллектуалдық сайыс, «Қазақстан – Республикам менің!» тақырыбында патриоттық әндер байқауы, «Достық дастарханы» атты ұлттық тағамдарды әзірлеуден шеберлік сыныптары, ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – тірлігімнің айғағы, Татулығым – бірлігімнің айғағы» атты концерттерді ұйымдастыру жоспарымызда бар.
– Ауданда өзге этнос өкілдері арасында бел­сенді азаматтар қатары жеткілікті. Талантымен танылған өзге этнос өкілдері жөнінде не айтасыз?
– Аудандық «Достық үйінде» өзге этнос өкілдері жиі бас қосып тұрады. Біз белсенді этнос өкілдері арасында «Достық» деп аталатын вокалды ансамбль құрдық. Ансамбль құрамында елімізге танымал Констатин Луца, Никита Мясцов сынды әншілеріміз бар. «Жүзі басқа болса да, жүрегі бір, тілі басқа болса да, тілегі бір» ансамбль мүшелерінің жан-жақты өнерінің арқасында ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыра алдық. Талантымен танылған жастарымыз аудан мерейін асыруда. Жастар мен қоғамның белсенді мүшелерінің өнерін насихаттау негізінде бірнеше іс-шара өткізген болатынбыз. Өткен жылы ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, Әл Фарабидің 1150 жылдығы, Алтын Орданың 750 жылдығы аясында этнос өкілдері жас­тары арасында мәнерлеп оқудан онлайн сайыс өтті. «1 мау­­­­сым – халықаралық балаларды қорғау» күнінде этнос өкілдері балаларына арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында құттықтау сөздер айтылып, бүлдіршіндерге сыйлықтар табысталды. Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл толуына орай этнос өкілдері арасында патриоттық ән айтудан онлайн байқау, «Отбасы күніне» орай отбасылық эстафета болды. Сайысқа украин, орыс, татар ұлтының отбасылары қатысты.
– Әлемді әбігерге салған пандемия уақы­тында жергілікті халықтың әл-ауқатын көтеру мақсатында қоғамның барлық мүшелері үн қосуда. Өз кезегінде қоғамдық бірлестік тарапынан қайырымдылық акциялары өткізілді ме?
– Бүгінде коронавирус инфекциясының таралуы ауданда өршіп тұрғаны белгілі. Еліміздегі жағдайға байланысты «Достығымыз жарасқан» қоғамдық бірлестігі көптеген отбасылардың күнкөріс табыстары тоқтап, жұмыссыз үйде отырып қалған уақытта көпшілікке қол ұшын созды. Бұл ретте, «Сырдария ауданы әйелдері» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, кент орталығындағы этнос өкілдерінің аз қамтамасыз етілген отбасыларына арналған қайырымдылық акциясы өтті. Акция барысында 7 отбасына азық-түлікпен көмек көрсетілді.

Сұхбаттасқан Балтабай ОРДАБЕКОВ
01 мамыр 2021 ж. 833 0