Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлтаралық тұрақтылық – сенімді болашақ кепілі

Ұлтаралық тұрақтылық – сенімді болашақ кепілі

Аудан әкімі Талғат Дүйсебаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында ұйымдастырылған іс-шараларды қорытындылау және алдағы мақсат-міндеттерді саралау мақсатында өзге этнос өкілдерімен кездесті. Кездесуге облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесі директорының кеңесшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Уәйіс, аудан әкімінің орынбасары, кент әкімі, тиісті бөлім, мекеме басшылары, «Қоғамдық келісім» мекемесінің Сырдария ауданындағы этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшысы, ардагерлер, үкіметтік емес ұйым және БАҚ өкілдері қатысты.

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ұйым­дастырылған кездесуде аудан басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мәні мен маңызы, жалпыұлттық идеяларды жү­зеге асырудағы қоғамдық институттың рөлі мен атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде пікір білдірді.

– Ассамблеяның негізгі міндеті эт­носаралық қатынастар саласында мемле­кеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету екені белгілі. Қазіргі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі татулық пен бірліктің ұйытқысы болып отыр. Аудан көлемінде тұратын этнос өкілдерінің ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын қолдау мақсатында «Дос­тығымыз жарасқан» қоғамдық бір­лестігі жұмыс істеуде. Құрамында аудан­дағы барлық этнос өкілдері бар бірлестіктің жұмысын жандандыру мақсатында аудан­дық ішкі саясат бөлімі арқылы «Түрлі этнос өкілдері арасында шаралар ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында биыл бесінші жыл аудандық бюджеттен қаражат бөлініп келеді. Соның негізінде тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға қайырымдылық ак­ция­лар, үлгілі аралас отбасыларымен, эт­нос өкілдерімен кездесулер, жас ақын­дар мүшәйралары, этнос өкілдері ара­сында мемлекеттік тілді білуден сайыс­тар, патриоттық ән байқаулары, ұлттық та­ғамдарды әзірлеуден шеберлік сыныптары, концерттер ұйымдастырылуда. Қоғам­дық келісім кеңесінің мүшелері аудан­дық ана­лар кеңесімен және кәсіби емес ме­диаторлармен бірлесіп, даулы мәселе­лер­дің оң шешімін табуына атсалысып келеді, – деді аудан басшысы.

Басқосуда қоғамдық келісім мен жал­пыұлттық бірлікті сақтауда елеулі еңбек етіп жүрген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Е.Уәйіс ұлтаралық тұрақтылық сенімді болашақ кепілі екенін атап өтті.

– Тәуелсіз Қазақ елі – ұлт пен ұлысты ұйыстыра білген егемен ел. Кең-байтақ елімізде талай этнос өкілі тату-тәтті ғұ­мыр кешуде. Тәуелсіздігімізді алып, ше­ка­рамызды шегендеген сәттен бас­тап қазақ жерін мекендеген өзге этнос өкіл­дерінің жартысы өз туған отанына қайтты. Ал қалғандары осы ынтымаққа толы бей­біт елде тұрақтап қалуды ұйғарды. Ұлт­тық құндылықтарымызды көздің қара­шы­ғындай сақтаймыз десек, бірлігіміз тас­тай берік болуы керек. Достық пен келісім көрініс тапқан ел болу – бүгінгі күннің міндеті. Бұл ретте Қазақстан хал­қы Ассамблеясының негізін қалаған Ел­басының еңбегі ерен. Елбасы елдегі бірлік пен берекенің символы ретінде халықтың зор ықыласына ие болды. Бұл – бәріміз үшін мақтаныш, ортақ абырой, – деді Ержан Үбәйдәұлы.

Өз кезегінде өзге этнос өкілдері сөз сөйлеп, бірлік пен ынтымақ, өза­ра тү­сіністік пен сыйластық жөнін­де өз ой­­ла­рын ортаға салды. Е.Мияс­цова мен М.Кан қазақ халқының кеңпейіл­ділігін, қонақ­жайлылығын жоғары бағалай­тындарын айтса, Г.Кошкарова қазақ тілінде өлең жазғанын жеткізіп, жыр шумақтарын оқып берді. Сонымен бірге Е.Кочерещенко бір­лік туралы өлең оқыса, Н.Миясцов «Туған жер» әнін орындады.

Кездесуде аудан әкімі Т.Дүйсебаев қо­ғамдық келісім мен тұрақтылықты қам­тамасыз етуге қосқан айрықша үлесі үшін Н.Қуандықовқа, Е.Миясцоваға «Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы» мерекелік медалін табыс етті. Сондай-ақ бірқатар өзге этнос өкілі аудан әкімінің, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық ке­лісім» мекемесі директорының «Алғыс ха­тымен» марапатталды.

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ
08 желтоқсан 2020 ж. 584 0