Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 55 газет

26 шілде 2025 ж.

№ 54 газет

22 шілде 2025 ж.

№ 53 газет

19 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » «Үздік тәрбиеші – 2021» «Балаусада»

«Үздік тәрбиеші – 2021» «Балаусада»

Ауыл орталығындағы «Балауса» бөбекжай балабақшасы елдегі пандемиялық жағдайға байланысты осы күнге дейін 45 баланы қабылдап келді. Енді толыққанды 90 бүл­діршінді мектепке дейінгі тәрбиемен қам­туға рұқсат алған. Бүгінде балабақшада 28 қызметкер бар.

– Типтік жобада салынған бөбекжай өт­кен жылы 6 млн 272 мың теңге қаржыға ағымдағы жөндеуден өтті. Биыл балабақшаға дефектолог маманы берілді. Дефектолог Қ.Шарафаддин бүлдіршіндермен жұмыс жүр­гізеді. Биылғы жылдың жетістігі – ауданда үздік тәрбиеші біздің бала бақша тәрбиешісі Салтанат Дүйсенбаева атануы. Салтанат облыстық байқауға қатысуға дайындық үс­тінде. Тәжірибелі маманның тыңғылықты ең­бегінің арқасында ауданда ең үздік тәрбиеші атағын алды, – дейді балабақша меңгерушісі Роза Сұлтанова.

Бала бақшадағы ұзақ жылғы еңбектің соңғы 11 жылында мекемеге басшылық жасайтын Роза Сұлтанованың айтуынша ауыл бүлдіршіндерін балабақшамен қамтуда еш­қандай мәселе жоқ. Мектепке дейінгі мекеме ауыл балақайларын толыққанды қамтуға мүмкіндігі бар.

Бибісара ЖАНӘЛІ 
06 сәуір 2021 ж. 1 820 0