Инновацияны меңгеру – заман талабы
А.Тоқмағамбетов ауылында орналасқан «Балауса» бөбекжайы аудандағы ең көне тәрбие ошағы болғанымен, білімі мен тазалығы жағынан көш басында тұр.
«Мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық үдерінде жаңашылдандырудың инновациялық технологияларын пайдалану» атты аудандық тәжірибе алмасу семинары аталған балабақшада ұйымдастырылды. Шараға аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Ж.Нұртазаева мен тәрбиешілер, психолог мамандар қатысты.
«Құлыншақ» ересек тобында «Көліктер» сабағын тәрбиеші – С.Дүйсенбаева өз деңгейінде өткізді. Балаларға арнайы тапсырмалар берілді және топпен жұмыс жасау қағидасы қолданылды. Жаңартылған арнайы оқу курсынан сабақ алып келген жас педагогқа келген қонақтар да алғысын білдіріп, пікірлерін ортаға салды. Ал «Ботақан» ортаңғы тобы экология сабағы бойынша түрлі тәжірибелер жасады. Тәрбиеші Г.Шәкетова өзінің білікті маман екенін көрсетіп, ашық сабағы жоғары деңгейде бағаланды.
«Қошақан» кіші тобының балақайлары таным саласы бойынша жаратылыстану сабағын өткізді. «Қыста құстарға қамқорлық жасаймыз» тақырыбында ашық сабақ өткізген тәрбиеші – С.Мауияева. Балалар белсенді қатысты. Қызықты сабақта түрлі ойындар ұйымдастырылды. «Ботақан» ортаңғы тобына да вариактивтік бөлім бойынша дидактикалық ойындар өтілді. «Моншақтар» тақырыбында сабақ өткізген тәрбиеші – Н.Шайхимова.
Мұнымен қоса ауданның барлық тәрбие ошағынан келген тәрбиеші-педагогтарға арнайы коучинг сабақты Ж.Мусаева және «Көп жүректе – бір тілек» тақырыбында тренинг өткізген М.Байтажиева еңбектері бағаланып, жоғары нәтиже көрсетті. Шара соңында бас ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай шағын мерекелік концерт ұйымдастырылды. Семинар жұмысы қорытындыланып, ұсыныс-пікірлер айтылды.