Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Аутизмді ақпараттандыру күніне арналды

Аутизмді ақпараттандыру күніне арналды

Дүниежүзілік аутизмді ақпараттандыру күніне орай аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті мамандарының ұйымдастыруымен "Аутистік бұзылымдары бар балаларды психологиялық-педагогикалық сауықтырудың әдістемелік негіздері" тақырыбында облыстық онлайн вебинар өткізілді.

Ұйымдастырылған онлайн вебинардың арнайы бағдарламасы әзірленіп, облыстан арнайы мамандар тәжірибе алмасу мақсатында қатысты.

Онлайн вебинар бағдарламасы бойынша баяндамашы психолог-педагог Алтынкүл Тұрсынбайқызы "Аутистік бұзылымдары бар балалардың клиникалық-психологиялық мінездемелері" тақырыбында жан-жақты ақпаратпен бөлісті.

Бағдарламаның келесі кезеңінде логопед мұғалім Сәлима Аймбетова "Суреттер сөйлейді" тақырыбында жеке сабақ өткізді. Дефектолог-педагог Қырмызы Нурзылда "Пішіндер неге шатасты? тақырыбында, логопед мұғалім Маржан Жақсылықова "Суреттер сериясын жинақтау" тақырыбында жеке сабақ өткізді.

Семинар соңында мамандар Қызылорда облыстық оқу орталығының Сертификатымен марапатталды.
02 сәуір 2021 ж. 652 0