Педагогикалық-психологиялық түзету кабинетінің мамандары тәжірибе алмасты
Аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде "Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға көрсетілетін білім беру қызметі" тақырыбында аудандық семинар өтті.
Семинарға аудандық білім бөлімінің мамандары, Жалағаш аудандық педагогикалық-психологиялық кабинет мамандары, аудан мектептерінің оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар, мектеп пен балабақшалардың дефектолог, лопед мамандары қатысты.
Семинар барысында аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің мамандары өз тәжірибелерімен бөлісті. Логопед маман Сәлима Аймбетова мен дефектолог маман Маржан Жақсылыққызы ерекше балалармен жүргізілетін жеке түзету сабақтарын көрсетті.
Айта кету керек, ауданда ашылғанына біршама жыл болған психологиялық-педагогикалық кабинеті дамуында тежеуі бар балаларға арнайы көмек көрсетеді. Қажетті оқу-құралдарымен жабдықталған кабинетте мамандар әрбір баламен жеке жұмыс жүргізеді.
"ТТ" ақпарат