Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Зияткерлер – ұлт болашағы

Зияткерлер – ұлт болашағы

Зияткерлер- ұлт болашағы олар өздерінің біліктілігімен, білімге деген құштарлығымен тың жаңалықтар ашып, ел дамуына ерекше үлес қосады. Бұл ретте, балалардың зияткерлік әлеуетін арттыруға қазақтың халық ауыз әдебиеті көп қолданылады. Оның ішінде батырлар жыры мен мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштар баланың жеткіншектің ой-санасын жетілдіреді.

Мақал-мәтел арқылы бала тоқсан ауыз сөзді тобықтай түйінге сыйдыруды, өткеннен сабақ алуға машықтанса, жаңылтпаш жаттаған баланың тілі жаттығып, есте сақтау қабілеті артып, топтың алдында еркін сөйлей алады. Ал жұмбақ жасырып, оны табу немесе ойдан жұмбақ құрастыру арқылы жеткіншектің қиялы өсіп, табиғат тылсымдарын ой елегінен өткізуге дағдыланады.

Ұлыстың ұлы күні қарсаңындағы атаулы күнде қазақтың мол мұрасын пайдалана отырып, білімді жетілдіруге мүмкіндік зор. Сондықтан рухани азық сыйлайтын Зияткерлік күнінде жас жеткіншектердің ой-санасы жетіліп, біліктіліктері арта берсін.

Н.Е.Әбдікәрім,
Сырдария аудандық сотының бас маман сот отырысының хатшысы 
19 наурыз 2021 ж. 1 023 0