Неміс овчаркасын қолға үйреткен
Аудандық полиция бөлімінің 102 арнасына кезекті хабарлама келіп түсті. Телефон тұтқасының ар жағында жергілікті тұрғын пәтер ұрлығына қатысты ақпарат беруде. Сағат тілі түнгі 2:45-ті көрсетіп тұр. Кезекшілікте тұрған тәртіп сақшысы жедел тергеу тобына болған оқиға жөнінде баяндады. Жедел тергеу тобының мамандары оқиға орнына жетті. Жедел іздестіруді бастап, «Застава» неміс овчаркасымен бірге кинолог Нұржан Балтабай күдіктінің ізіне түсті. Көп ұзамай қылмыскер құрықталды. Аудандық полиция бөлімінің кинологы осындай тосын оқиғаларға жиі кезігеді. Ол осы саланың қызығы және қиыншылығымен бөлісті.
«Застава» неміс овчаркасына кинолог 3 жылдан бері күтім жасап келеді. Ол 2018 жылы Алматы қаласындағы «Бауыржан Момышұлы атындағы кинология орталығында» білімін жетілдірген. Қазіргі таңда неміс итін қолға үйретіп, сан түрлі қылмыстың ашылуына септігін тигізуде. Анығын айтқанда, қызметтік иттің міндетіне есірткі қылмысын ашу тікелей кіреді. Сонымен бірге қылмыс орнына барып, ізге түсу арқылы қожайынына күдікті жайлы белгі береді. Кәсіби кинолог қызметтік итті күнделікті екі рет серуенге шығарып, құрғақ тағамдармен қоректендіреді.
– Қызметтік ит қолға үйретілген. Күнделікті берілген тапсырмалар мен арнайы жаттығуларды орындап отырады. Біздің бөлімге күн-түн демей, түрлі қылмыс орын алғаны жөнінде хабарлама келіп түседі. Жедел тергеу тобымен бірге оқиға орнынан табыламыз. Үздіксіз ізге түсу үшін «Заставаның» иіс сезу қабілеті жақсы дамыған. Күдіктіні сезсе, үру арқылы дыбыс шығарады. Ал көбіне есірткі қылмысын іздестіруге алып шығамыз. Есірткіні тапқан жағдайда жерді тырмалайды, – дейді Н.Балтабай.
Негізінен неміс овчаркасы облыстық полиция департаментінің теңгеріміне алынған. Қызметттік итті жылына ветеринарлық тексерістен өткізіп тұрады. Түрлі ауруларға қарсы тұру үшін екпе салынады. Бір қызығы, «Застава» адамға шабуыл жасамайды. Тек қожайынына ғана бағынады.
Бүгінде ҚР ішкі істер министрлігінің «Бөтен мүлік ұрлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламасы» негізінде жүзеге асатын іс-шара аясында мал ұрлығы қылмысын ашуға да неміс итінің септігі тиюде. Өткен жылы қызметтік ит 47 қылмысқа қатыстырылса оның, 17 «Заставаның» көмегімен ашылған. Сондай-ақ қызметтік итпен есірткі қылмысының 6 жағдайын әшкерелеген. Тәртіп сақшысы биылда қылмыстардың ашылуына атсалысуда. Бүгінгі күнге дейін 4 қылмысты ашып, мал ұрлығы қылмысының төмендеуіне үлес қосқан.
Кинолог Нұржан Қалдыбекұлы – Қызылорда қаласының тумасы. Ол «Болашақ» университетінің түлегі. Отбасында 5 ағайынды. Қазіргі таңда аудандық полиция бөліміне қарасты кинология қызмет тобының кіші инспектор-кинологы болып қызмет атқарады. Кәсіби маман күрделі мамандықта өз біліктілігін одан әрі жетілдіріп, дер кезінде қылмыстың ашылуына қызмет ете бермек.

Балтабай АЯБЕКҰЛЫ