Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәртіп сақшылары ұрлықшыларды ұстады

Тәртіп сақшылары ұрлықшыларды ұстады

Биылғы жылдың басында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерінің жұмысы қауырт басталды. Ел тыныштығын күзеткен тәртіп сақшыларына кезекті жұмыс күнінде заңсыз ұрлық жасау бойынша хабарлама келіп түседі. Оқиға ауданға қарасты саяжайлардың бірінде болған. Аталған қылмыс дерегі бойынша жедел тергеу тобы оқиға орнына барып, жедел іздестіру нәтижесінде күдіктілердің ізіне түсіп, көп ұзамай құрықтайды.

– Біздің қызметкерлеріміз  саяжайда орын алған ұрлық бойынша дер кезінде жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді. Аталған заңсыз ұрлық барысында саяжайдағы үй-жай есігін бұзу арқылы кіріп, дүние мүлікті жасырын жымқырып ұрлық жасаған. Күдіктілер Қызылорда қаласының 23 жастағы тұрғындары. Оқиға орнынан із жасырмақ  болған азаматтың тізгіндеген автокөлігі Қазастан аумағында тіркелмегені анықталды, – дейді жедел тергеу жұмыстар аудандық полиция бөлімінің бастығының тергеу істері жөніндегі орынбасары Б.Қаппар

Тәртіп сақшыларының айтуынша, ауданға қарасты саяжайларда ұрлық жасау фактісі жиі кездеседі. Себебі, тұрғындар көбіне қыс мезгілінде саяжайды қараусыз қалдырады. Тұрғындардың жиі болмайтын сәттерінде ұрлықшылар өздерінің жымысқы әрекеттерін жүзеге асырады.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
15 қаңтар 2021 ж. 682 0