Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Электронды құжат айналымы

Электронды құжат айналымы

Қағаз арқылы іс қағаздармен жұмыс жасау уақытты алады және шығындары да көп. Қағаз жүзінде құжат айналымы мекемелер арасында бірнеше күнді алса, қазіргі электронды құжат айналымы мекемелер арасында бірнеше минуттарды алады. Сонымен қатар, бума қағаз шығарудан арылып, курерьге, поштаға жұмсалатын шығындар үнемделеді.


Сырдария аудандық соты 2019 жылдан бастап әкімшілік істерді 100 пайыз электронды нұсқада қабылдап, қарауда. Қылмыстық істер бойынша теріс қылықтар мен онша ауыр емес, ауырлығы орташа санатындағы қылмыстық істер электронды форматта түсіп, қаралуда.


Статисикалық деректерге сай аудандық сот 2019 жылы 14 қылмыстық істі электронды форматта қараған, бұл жалпы аяқталған істердің 32,5 % құрайды. 2020 жылы бұл көрсеткіш 44 іске артып жалпы аяқталған істердің 62 % құраған.


Электронды құжат айнылымы қатаң тәртіпті талап етеді. Ақпараттық жүйеде құжаттың түскен, орындалған, жөнелтілген күні мен уақытына дейін айнадай көрініп тұрады және қайта оны редакциялауға мүмкіншілік жоқ.


«Заманына қарай адамы», техника мен ғылым алға озып тұрған кезеңде, электронды құжат айналымы - бұл да да заман талабы".

Роза  Сүлейменова,
Сырдария аудандық  сотының кеңсе меңгерушісі
05 наурыз 2021 ж. 510 0