Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№76 газет

06 қазан 2026 ж.

№75 газет

03 қазан 2026 ж.

№74 газет

29 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Тегін оқу мүмкіндігі 20 мың адамға беріледі

Тегін оқу мүмкіндігі 20 мың адамға беріледі

Жастар сұранысқа ие мамандықтар бойынша колледждерде тегін оқытумен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Мәжілісте «Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін іске асыруға арналған талқылау кезінде Премьер-Министр Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жастардың әлеуетін іске асыру мақсатында олардың білім алуы, жұмыс істеп, баспаналы болуы үшін, сондай-ақ елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуы үшін жағдай жасалатын болады», - деді А. Мамин.

Осы орайда ол колледждерде тегін оқыту мүмкіндігі туралы айтты. «Жастар сұранысқа ие мамандықтар бойынша колледждерде тегін оқытумен қамтамасыз етіледі. Биыл тегін оқу мүмкіндігі 20 мың адамға беріледі, кейін жыл сайын квота ұлғайтылып, 2025 жылы 50 мыңға жеткізіледі», - деді Үкімет басшысы.
12 ақпан 2021 ж. 440 0