Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Шәкіртақы 20 пайызға артады

Шәкіртақы 20 пайызға артады

Жұмыс істейтін жастарға жыл сайын 3 мың жалдамалы пәтер беріледі. Бұл туралы Мәжілісте «Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін іске асыруға арналған талқылау кезінде Премьер-Министр Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Студенттердің стипендиясы жыл сайын 20 пайызға артып, 2 есе өседі, ал магистранттар мен докторанттарға жыл сайын 10 пайызға артып, 1,5 есе өседі», - деді А. Мамин.

Жұмыс істейтін жастар үшін сұранысқа ие мамандықтар бойынша жыл сайын 3 мың жалдамалы пәтер берілетін болады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Үкімет Nur Otan партиясының Парламент Мәжілісіндегі фракциясының алдында сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру бойынша тиісті Жол картасының жобасын ұсынды.

Жол картасы Сайлауалды бағдарламасының төрт бағыты бойынша 362 іс-шарадан тұрады.
12 ақпан 2021 ж. 647 0