Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Әрбір бағыт бойынша жұмыстар жасалады

Әрбір бағыт бойынша жұмыстар жасалады

Құрметті жерлестер, өздеріңіз білесіздер «Nur Otan» ел тарихында алғаш рет праймериз өткізіп, «Мықты лидерлер – Мықты партия» формуласын жүзеге асырды. Бұл қоғам белсенділерімен қатар елдегі қарапайым азаматтардың кадрлық резервке енуіне жол ашты. Іріктеу кезеңінен сүрінбей өткендер, кешегі өткен саяси науқанында партиямыздың жеңіс тұғырынан көрінуіне зор үлес қосып, сайлауалды бағдарламаны жан-жақты түсіндірді.

Біздің сайлауалды бағдарлама «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында аудан тұрғындарымен және бастауыш партия мүшелерімен талқылау барысында қалыптастырылды. Праймериз барысында бізге елді мекендерден 81 ұсыныс түсті. Осы ұсыныстардың 77 пайызы, яғни 63-і сайлауалды бағдарламаға енгізілді. Әрбір бағыт бойынша мерзімдер қойылды.

Мақсаты айқын партия ретінде біздер сайлауалды бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз ететін боламыз.

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

Еркебұлан Жақып,
аудандық мәслихат депутаты,
фракция жетекшісі 

29 қаңтар 2021 ж. 625 0