Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ерлікті ту еткен

Ерлікті ту еткен

Ерлік. Батырлық. Осынау екі сөздің мән-мағынасына үңілсеңіз ата-бабамыздан келе жатқан ұлы құндылық екеніне көзіңіз жетеді. Сонау ерте заманда білектің күшімен, найзаның ұшымен жауға қарсы шапқан батыр бабаларымыздың жалғасы ретінде Ұлы Отан соғысында қан кешкен ер жүрек батырларымыз қаншама. Бүгінгі ұрпақтың парызы – олардың ерлігін ұмытпау, мақтан етіп, ерлік көрсеткен батыр бабаларымыздың есімін ұлықтау.

"Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар" демекші бүгінгі бейбітшілік заманда батырлықты ту еткен азаматтарымыз қаншама. Өз жанын пида етіп, өзгенің өмірін сақтап қалуда ажалмен бепте бет келгендерді нағыз ержүрек батыр десек артық айтқандық болмас.

Аудандық ішкі істер органында елге адал қызмет еткен нағыз ержүрек батыр Болат Тоқберішовтің ерлігі ел жадында. Аға ұрпақтың өкілі бүгінде өмірден өтсе де оның есімі құрметке лайық.

– Осыдан 17 жыл бұрын ауданда орын алған оқиға болатын. Мал ұрлығына қатысты тәртіп сақшылары оқиға орына бара жатып, бірнеше жылдан бері ашылмаған, іздеуде жүрген қылмыскерлерді қылмыс үстінде ұстайды. Қандықол қылмыскерлер талай адамды ажал құшқызып, олардың көліктерін тонаған. Оқиға орнында полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Болат Тоқберішев бастаған топ болады. Қылмыскерлерді құрықтап, қылмыс ашылады. Бұл ерлігі үшін Болат Тоқберішов 2005 жылы ҚР Президентінің жарлығымен 2 дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталады, – дейді полиция бөлімі басшысының орынбасары Ербол Жанәлиев.

Отыз жылдан астам уақытын полиция қызметіне арнаған ер жүрек батыр – Болат Тоқберішовтың өмірден өткеніне 4 жыл уақыт өтсе де оның ерлігі мен қызметіне деген адалдығы кейнгі ұрпаққа үлгі-өнеге болып қала бермек.

Бибісара ЖАНӘЛІ





28 қаңтар 2021 ж. 1 057 2

Азим от 28 қаңтар 2021 13:43
Жарайсыздар esy8q

Kuandyk от 28 қаңтар 2021 14:28
Ер есімі-ел есінде!