Тәртіп сақшыларына құрмет көрсетілді

Заматында қырағылық танытып, қылмыскерлерді құрықтаған тәртіп сақшылары қатарында сол кездегі аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары Болат Тоқберішов, полиция майорлары Ырысбек Ибраев, Раджап Салхадин болды.

Кездесу барысында Әмірбек Шаймағамбетов жас полиция қызметкерлеріне аға буын өкілдерінің қылмыспен күрестегі ерен еңбектерін кеңінен айтып берді. Құқық қорғаушыларды қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде адал қызмет етуге, халықтың полицияға деген сенімін арттыруға шақырды. 2004 жылы тегеурінді қызметімен дараланған Ырысбек Ибраев пен Раджап Салхадинге құрмет көрсетілді. Тәртіп сақшылары аталған қылмыс жайлы «Хабар» агенттігінен көрсетілген «Ушел. Не вернулся» деректі фильмін тамашалады.
– Сырдария ауданында әріптестеріммен бірге қоғамды тәртіп сақтау жолында табанды еңбек ете білдік. Қырағы полицейлер күн-түн демей, ел тыныштығын күзетті. Сондай қарбаласқа толы күннің бірінде тәртіп сақшылары қандықол қылмыскерлерді қолға түсірген болатын. Сол жылы әріптесеміз марқұм Болат Тоқберішов «Айбын» орденімен марапатталды. Сонымен бірге Ырысбек Ибраев пен полиция майоры Раджап Салхадингеке қаржылай сыйлық табысталды, – деді Әмірбек Шаймағамбетов.
Кездесуде Ырысбек Ибраев пен полиция майоры Раджап Салхадинге «Дүниежүзілік полиция ассоциациясының Қазақстандық секциясына 10 жыл» төсбелгісі табысталды. Құрамына 32 ел кіретін «Дүниежүзілік полиция асоциациясының» жұмысы туралы мағлұматтар берілді. Өз кезегінде бірқатар полиция қызметкері облыстық полиция департаментінің арнайы «Құрмет грамотасымен» және «Алғыс хатымен» марапатталды.
Балтабай ОРДАБЕКОВ