Уланудан сақтаныңыз!
2017-2018 жылдардың жылу беру маусымында аудан бойынша көмір қышқыл газынан уланудың 3 фактісі тіркеліп, 2 ересек, 2 бала емдеу орындарына жүгінген.
Түтінге уланудың салдары тұрғын үйлердегі от жағу пештерінің моржа құбырының дұрыс тазаланбауынан немесе пеш есігінің дұрыс жабылмай ашық қалуынан болып жатады. Бұл өз кезегінде моржа арқылы түтіннің сыртқа шықпай, үй ішіне тарауына әкеліп соғуда.
Сондықтан пештердің моржа құбырының дұрыс тазалануына және пеш есіктерінің ақаусыз дұрыс жабылуына, пеште жарықшалардың болмауына ерекше назар аудару қажет.
Сонымен қатар, кенттегі 2 қабатты тұрғын үйлер орталық бу қазандығы арқылы жылытылуға арналған. Алайда қазіргі таңда орталық бу қазандығының жоқтығынан тұрғындар өз күшімен ішкі от жағу пештерін салып пайдалануда. Ал пештердің моржасы ретінде тұрғын үйлердің қөпшілігі желдеткіш құбырларын пайдаланған. Бұл өз кезегінде желдеткіш құбырлары арқылы жіберілген түтін (қөмір қышқыл газ) көрші пәтер тұрғындарына зиянын тигізуде. Мұның арты қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін.
Осы жағдайларды ескере отырып, Сырдария ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі Сіздерден 2017-2018 жылдардың жылу беру маусымында жоғарыда атап өткендей оқыс оқиғалардың орын алмауы үшін мына тиым салынған талаптарды орындауға кеңес береді:
-тұрғын үйлерде әртүрлі қолдан жасалған электр жылытқыш құралдарын пайдалануға;
-ұйқыға жатар алдында пешке көп мөлшерде көмір отынын салып жағуға;
-желдеткіш жүйелерінің құбырларын моржа есебінде пайдалануға;
-жағылып тұрған пешті қадағалаусыз қалдыруға;
Естеріңізде болсын, өрттің алдын алу оңай, ал оны өшіру мен зардабы ауыр. «Өрт-тілсіз жау» екендігін,ал одан келетін зардаптардың орнын толтыру қиын екендігін әрбір азаматтың ұмытпағаны дұрыс!
Орын алған Төтенше жағдайлар мен оқиғалар кезінде «101», «102», 21-2-00, 21-4-94 телефондарына хабарласуларыңызды сұрайды.
Сырдария аудандық төтенше жағдайлар бөлімі