Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

  Бұған дейін де, бұдан кейін де есірткі адамзат тарихында ең қауіпті дерт болып саналып келеді. Қазіргі таңдағы тамыры тереңге жайылып, шешімі әлі күнге дейін табылмаған өзекті мәселе де осы-есірткіге тәуелділік. Кеше ғана бақыттан басы айналып, өміріне риза жандардың, бүгінде абыройынан айырылып, жақындарына жеккөрінішті болуы, айтыңызшы, кімнің және ненің арқасында?!

    Ал енді, барлығына тек кесірін тигізіп келген есірткіні жақыннан тануға тырысайық. Есірткі деген не? Оның түп-тамыры қайдан шықты? Пайдасы бар ма, зияны қандай? Міне, өзімді қызықтырған барлық күрделі сұрақтарға толықтай дерлік жауабымды алдым.

   Негізінен есірткіні Қытай императоры әрі емші Шэнь-Нунь дәрілік өсімдік ретінде жарыққа шығарған екен. Ішек, ұмытшақтық, жөтел ауруларының алдын алмақшы болған есірткі, осылайша оп-оңай жолмен кеңге таралыпты-мыс. Бір нәрсеге, бір нәрсе себепші деген сөзді, осы сәтте, еріксіз еске түсіресің.

   Қазіргі кезеңде есірткі саудасына әлем бойынша барлық елдерде шектеу қойылған. Себебі айдан анық. Есірткінің мақсаты да осы-мемлекетті ұлттық санасынан айырып, адамдардың ой-санасын өзіне тәуелді ету. Надандық, санасыздық деген жаман ағымдарды қолдайтын, жастарды бір-біріне қарсы қойып, жануарлар қатарына, тіпті, одан төменгі деңгейге жардан лақтырғандай, бір сәтте құлатып жіберетін мәдениет-есірткі мәдениеті деп аталады.

   Жастар-болашағымыздың кепілі деп жатамыз ғой. Алайда, есірткіге тез беріліп, жалған ағымға сеніп қалатын ол-жастар екеніне ешкімнің де таласы жоқ деп ойлаймын. Сондықтан, еліміздің келешегі, жастарымыздың болашақ өмірі үшін, мектеп қабырғасынан бастап, есірткінің нағыз орны толмас қасірет екенін оқушылардың санасына сіңіріп, үлкен өмірге дайындауымыз керек. Жасырмау керек, қазірдің өзінде бесіктен әлі белі шықпаған мектеп оқушыларының өзі шылым шегуге әуес. Барлығы осыдан бастау алады емес пе? Алдымен шылым, кейін ішімдік, ал одан кейін не боларын айтпасам да, біліп отырсыздар. Мектепте, жоғарғы оқу орындарында қылмыстық істер мен құқық бұзушылық жағдайлар тоқтаусыз орын алып жатыр. Мұның барлығы, білесіздер ме, отбасындағы тәрбиенің жоқтығы. Қазақ атам “Баланы жастан…” деген мақалды бекер айтпаған. Бала отбасында не көрсе, міндетті түрде оны қайталайды. Яғни таяқтың екі ұшы бар, бірі нашақорлыққа салынған бала, екінші ұшы сол балаға дұрыс тәрбиесін бере алмаған ата-ана. Бірақ, “қарғайын десем жалғызым, қарғамайын десем жалмауызым” дегендей, санасы жоқ балалары үшін ата-ананың зар қақсауы қаншалықты дұрыс?!

   Өзімнің басымнан өткен оқиғаны қысқаша баяндап берейін. Қалаға жол тарту үшін көлікке міндім. Алдыңғы қатарда жүргізуші мен жасы шамамен 17-18 жасар жолаушы отыр. Бір сәтте әлгі бала қалтасынан темекі мен оттық шығарып жатыр екен. Менің ойымда тек бір нәрсе, қазір жүргізуші аға темекі шегуге болмайды, сен кәмелеттік жасқа толмағансың деп темекісін тартып алатын шығар десем, керісінше “Інім сыртқа шығып, шегіп алсаңшы” дегені мен үшін ерсі көрінді. Сол сәтте ғана түсіндім, үлкендер үлкендігін көрсетіп, ақыл айтпаса, жастарымыздан не қайран, не үміт?  Кеш те болса, өз-өзімізді қолға алып, бір сәт ойланайық. Қателеспейтін пенде жоқ, тек сол қатеңді түсініп, дұрыс жолға түсу өзіміздің санамызға байланысты.

    Қорытындылай келе, есірткіден бойымызды аулақ ұстап, салауатты өмір салтын ұстанайық. Бүгін қателестім екен деп жалынсақ та, кешегі өмірімізді бізге ешкім қайтарып бере алмайды.Жалғыз ғана өмірімізде шалыс қадам баспай, ертеңімізді ойлап өмір сүрейік. Есірткі саған тең емес,саған тең нәрсе бұл-салауатты өмір сүріп, түзу жолдарға қадам басу. Осыны естен шығармайық!

Қызылорда облысы, Сырдария ауданы
137 орта мектептің 10-сынып оқушысы
Әміртемірова Ғазиза
Жетекші мұғалімі:
Тұрсынбаева Асылзат
#УПНДПКЗО
20 қаңтар 2021 ж. 967 0