ӨМІР СҮРУГЕ ҚҰҚЫЛЫСЫҢ!
"Ақшанды жоғалтсаң, ешнәрсеңді жоғалтпағаның, уақытынды жоғалтсаң, көп нәрсені жоғалтқаның. Ал, денсаулықты жоғалтсаң, бәрін жоғалтқаның" - деген халықтың дана сөзі бар. Әрбір адам үшін басты құндылық - өзінің денсаулығы.
Елбасымыз Н.Назарбаетың "Өзінің жеке басының денсаулығын алдымен адамның өзі ойлауы керек. Егер денсаулыққа әр жанұя мән берсе, онда мемлекет жүзеге асырып жатқан қадамдар әлдеқайда тиімді шығар еді" деген болатын.
Жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға – аудандағы жастар денсаулығы орталығының еріктілері атсалысып, жақсы жұмыс атқаруда. "Өмір тамаша" ұранымен өткен айлық аясында "Басқа қауіпке жол жоқ!" тақырыбында Нағи Ілиясов ауылының №132 орта мектебінде 10 сынып оқушысы Нұрай Шеңгелбаева мектеп оқушылары арасында өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауды, бір-біріне сенімділік пен кішіпейілдікті арттыру мақсатымен тренинг ұйымдастырып өткізді.
Нұрай секілді оқушы қыздарымыз бос уақыттарын жастар денсаулығы орталығына жұмсаса игілікті іс болар еді. Себебі, бала тәрбиесінде тек ата-ана мен мектеп ұстаздары ғана емес, өз құрбы құрдастарының атқаратын рөлі қашанда бөлек.
Б.ЖАНӘЛІ