Бесарықтағы қолөнер шебері
Бесарық ауылының тұрғыны, ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін кәсіп иесі Әбдінәби Әлиевтің жаны қалайтын жақсы бір ісі – ағаштан түрлі тұрмысқа қажетті өнімдер, сәндік бұйымдар жасау. "Ата көрген оқ жонар" дегендей қолөнер шебері Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі Бисен Әлиевтің ұрпағы. Әкеден үйренген өнегесі ағаштан түйін түю. Шебер қалт еткенде осы сүйікті ісімен айналысады.
Шебердің қолынан шыққан бұйымдардың ішінде жазу үстелі, шағын табақша, ағаш аяқ, қасық, сабын салғыш, түрлі сыйкәделер көздің жауын алардай әдемі жасалған.
Қолөнер шебері мұндай бұйымды жасаған кезде табыс табу үшін емес, шаршағанда еңбектен ләззат тауып, ой тынықтыру үшін айналысады екен.
Жұмабай БАЙЗАҚ,
Бесарық ауылы