Тігінші Гүлназия
Берекелі Бесарық – аудан орталығынан шалғай болғанымен қалаға жақын орналасқан ауыл. Осы көркейген, көрікті елді мекенде Гүлназия атты ісмер келіншек тұрады. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дегендей, он саусағынан өнер тамған жас қасиетті бесіктің жабдықтарын жасаумен айналысады. Сонымен қатар ұлттық киімдер, мектеп формасын тігеді.
– Маған қолөнер нағашыларымнан қоныпты. Осыдан бес жыл бұрын нағашы әжем Жұмакүл Медеуова 94 жасында қайтыс болды. Беріге дейін инеге жіпті өзі сабақтайтын. Соғыс кезінде майданға жіберілетін киім-кешек тігіпті. Тігін машинасын маған аманаттап кетті, – дейді Гүлназия Ержанқызы.
Қолөнер шебері, тігінші Г.Бакирова қыз күнінен тігін тігіп, көрпе көктеген. Қазіргі кәсібін осыдан 15 жыл бұрын ауылдың ата-әжелеріне көйлек тігіп бастаған. Жоғары білімді технология пәнінің мұғалімі ауыл мектебінде лаборант болып еңбек етеді. Жұмыстан бос уақытында сүйікті кәсібімен айналысады. Оқу жылы қарсаңында оқушыларға мектеп формасын, фартук тігеді. Ұлттық киімдерге, сәукелеге тапсырыс қабылдайды. Түрлі мерекелерде Гүлназияның қолынан шыққан киімдерді ауылдастары жарқыратып киіп шығады. Ісмер келіншек мамандығына сәйкес жұмыс болмағандықтан, мектепте жарты жүктемемен еңбек етуде. Бұл бір жағынан оның сүйікті кәсібін дамытуына мүмкіндік беріп отыр.Үйінде бесік жасауын жасайтын, іс тігетін арнайы бөлмесі бар. Бес жыл бұрын киімге өрнек салатын тігін машинасын 80 мың теңгеге сатып алыпты. Шеберге ауылдан тапсырыс көп түсетін көрінеді. Жолдасы Бағдат Айтбаев – ауылда жеке кәсіпкер, техниканың шебері, жеке «КаМаз» көлігі бар, мотор жинайды. Қызылорда политехникумынан техник-механик мамандығын алған. Қыздары Айым Қуаныш Қызылорда қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғарғы колледжінің интернет-дизайн бөлімінің 4 курсында оқиды. Өткен жылы тұрмыс құрған. Ол да анасының жолын қуып, қалада көрпе құраумен, тігін тігумен айналысады.
Он саусағынан өнер тамған Гүлназия Бакирова әулетімен ісмер жандар. Қазіргі нарық заманында ауылда кәсіпкерлікті дамытуға үлес қосатын да осындай іске қабілетті тұрғындар. Олай болса, кәсіптен нәсіп табыңыздар дейміз.

Шаһарбек НҰРСЕЙІТОВ