Саяси жүйе заманға сай дамуда

Президент мақаласының «Ұлағат пен ұстаным» бөлімінде Қазақстанның саяси жүйесі заманға сай дамып келе жатқанына тоқталды. Яғни, елімізде жүзеге асырылып жатқан барлық бастамалар азаматтық қоғамды дамытуға негіз болады. Бұл ретте, Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы биліктің халық алдындағы жауапкершілігін көздейді. Осыған орай алдағы уақытта ең төменгі деңгейден бастап жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін нығайту жұмыстары жүргізілмек. Бұл тұрғындар мен биліктің кез келген мәселені бірлесе шешуіне ықпал етеді.
Сондай-ақ Президент Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлаудың маңызы жоғары екенін атады. Бұған қатысты мемлекетте әралуын саяси партиялар болғанымен оларды біріктіріп тұрған құндылық – Тәуелсіздік екенін ерекше атап көрсетті. Яғни, тұрақтылықты ту етіп, бір шаңырақ астына топтасқан халық ел егемендігін сақтау жолында ынтымақ танытатыны анық. Сондықтан Тәуелсіздік – бүгінгі ұрпақтың басына қонған бағы. Оны қастерлеу – баршамызға міндет. Түптеп келгенде, еліміздегі тұрақтылық пен береке-бірлік үшін барлығымыз бірдей жауаптымыз.
Сталбек ТОБАҒҰЛОВ,
аудандық мәслихат аппаратының
бөлім басшысы