Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәуелсіздік – ұлылықтың ұлысы

Тәуелсіздік – ұлылықтың ұлысы

Ел егемендігінің 29 жылдығына орай Н.Ілиясов ауылындағы №132 Т.Айтбаев атындағы орта мектепте тағылымды іс-шаралар ұйым­дастырылды. «Ауыл мектебі» жобасы аясында «Тәуелсіздік – ұлылықтың ұлысы, қазағымның берік болсын уығы» атты апталық өтіп, онда оқушылар арайлы азаттықтың – ғажап құт екенін ұлықтады.

Апталықты мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі ұйымдастырды. Оның негізгі мақсаты – оқушыларға қазақ халқының Тәуелсіздік жолындағы еркін күресі мен Қазақстанның 29 жыл ішіндегі қол жеткізген жетістіктерімен таныстыру, олардың қазақ тілі мен әдебиеті пәніне деген қызығушылықтарын арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәжірибе алмасу бағытындағы апта­лықта пән мұғалімдері Р.Мұхан, Қ.Досай, Г.Қалбаева 7-9 сынып оқушы­ларымен қа­зақ тілі мен әдебиет пәнде­рінен ашық сабақ өткізді. Оған облыстық оқу орта­лы­ғының әдіскері Ж.Сыздықова, аудан­дық білім бөлімінің әдіскері Қ.Қал­жанова, Ж.Төреқұлова, облыстағы №143, №164 орта мектептерінен қазақ тілі пән мұғалімдері мен аудан мектеп­тері­нің ұстаздары, мектеп директоры І.Анафияев, оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Әбілдақызы қатысты. Өткізілген сабақ жөнінде арнайы қатысқан ұстаздар өз пікірлерін білдірді. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Қ.Қалжанова кері байланыс жасап «Сабақ жоғары дәрежеде өтті, оқушылар сабаққа белсенді қа­тысып, жұмыс жасалды. Көрнекі құрал­дар, бейнематериалдар дайындалып, тақырып ашылды. Оқушылардың бар­лығы бел­сенділік танытты. Бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі мемлекет тұтқасын ұс­таушы білікті маман, ел тағдырын ше­шуші азамат. Оларға осы кезден еге­мен­діктің, бейбіт өмірдің қадірін түсіндіре білуіміз керек. Жас ұрпақты тәрбиелеуде жұмыс­тарыңызға сәттілік тілейміз» деп атап өтті.

Апталық барысында пән мұғалімдері С.Кенебаева мен Ж.Байсынова 5-6 сынып оқушыларымен сыныптан тыс іс-шара өткізсе, ЗУМ бағдарламасы арқылы 5-11 сынып оқушыларының арасында «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз...» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды. Сайыс барысында оқушылар егемендікке арналған өлеңдерді мәнерлеп оқыды. Нәтижесінде 5-сынып оқушысы А.Советбек І орынды, 8-сынып оқушысы Ұ.Жидебай ІІ орынды, 5-сынып оқушысы Қ.Мақсатқызы ІІІ орынды иеленді. Ұлық мерекеге арналған апталықта мұғалімдер оқушыларға тәу­елсіздік қазақтың басына қонған бағы екенін жан-жақты түсіндірді.

«Біздің мақсатымыз ұлық мерекені ұлықтап, оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын күшейту еді. Апталықта сол мақсатқа жете білдік деп ойлаймыз» дейді бірлестік жетекшісі Р.Мұхан.


26 желтоқсан 2020 ж. 694 0