Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Тәуелсіздік – ұлылықтың ұлысы

Тәуелсіздік – ұлылықтың ұлысы

Ауыл мен қала мектептері арасында білім беру сапасындағы алшақтықты қысқарту мақсатында құрылған «Ауыл мектебі» жобасы аясында  мектебімізде оқыту мен тәрбие беруде әдістемелік қолдау,семинарлар мен курстар ұйымдастырылып отыр.

Осы мақсатта 2020 жылдың 7-11 желтоқсан аралығында № 132 Т.Айтбаев атындағы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің ұйымдастыруымен тәжірибе бөлісу мақсатында «Тәуелсіздік – ұлылықтың ұлысы, Қазағымның берік болсын уығы» атты апталығы басталды.

Апталықтың мақсаты − оқушыларға қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы еркін күресі мен Қазақстанның 29 жыл ішіндегі қол жеткізген жетістіктерімен таныстыру,оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәніне деген қызығушылықтарын арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Апталық барысында   пән мұғалімдері Р. Мұхан, Қ.Досай, Г.Қалбаева 7-9 сынып оқушыларымен қазақ тілі мен әдебиет пәндерінен ашық сабағын өткізді. Сабақтарға облыстық оқу орталығының әдіскері Жанна Сыздықова, аудандық білім бөлімінің әдіскері Қалжанова Қаракөз, Төреқұлова Жанар, аудан мектептерінің ұстаздары, № 143, № 164  мектептерінен қазақ тілі пән мұғалімдері, мектеп директоры І.Анафияев, оқу ісінің орынбасары А.Әбілдақызы қатысты. Сабаққа қатысқан мұғалімдер өз пікірлерін білдірді. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Қалжанова Қаракөз кері байланыс  жасады: « Сабақ жоғары дәрежеде өтті, оқушылар сабаққа белсенді қатысып, жұмыс жасалды. Сабаққа көрнекіліктер, видеоматериалдар дайындалып, тақырып ашылды. Оқушылардың барлығы дерлік апталықта белсенділік танытты. Бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі мемлекет тұтқасын ұстаушы білікті маман,ел тағдырын шешущіазамат. Сондықтан жас ұрпақты тәрбиелеуде жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз».

8-9 желтоқсан күндері пән мұғалімдері С.Кенебаева мен Ж.Байсынова 5-6 сынып оқушыларымен сыныптан тыс іс-шара өткізді.

10 желтоқсан күні «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз...» тақырыбында ЗУМ программасы арқылы 5-11 сынып оқушыларының арасында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сайыс барысында оқушылар Тәуелсіздік тақырыбында өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сайыс қорытындысы бойынша 5-сынып оқушысы А.Советбек бірінші орынды иеленсе, екінші орынды 8-сынып оқушысы Ұ.Жидебай,  үшінші орынды 5-сынып оқушысы Қ.Мақсатқызы иеленді.

Өткізілген іс-шараның нәтижесі ойдағыдай болды. Біздің мақсатымыз оқушылардың қазақ тіліне деген жанашырлығын күшейту еді. Қойылған мақсатқа түбегейлі жеттік деп ойлаймыз.

Нағи Ілиясов ауылы
№132 Т.Айтбаев атындағы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі
20 желтоқсан 2020 ж. 461 0