Ағзаның қатты қызуы, қатты салқындауы, үсік шалу және жалпы тоңу
Жоғары температураның, әсіресе оның жоғары ылғалдылықпен үйлесімді әсері ағзада едәуір жылудың жинақталуына және ағзаның шектік деңгейден асатын қатты қызуы гипертермияға — дене температурасының 38-39°С-қа дейін көтерілуіне әкеп соғуы мүмкін. Гипертермия кезінде жылулық соққының салдарынан бастың ауыруы, айналуы, жалпы әлсіздік, түсті ажырата алмау, ауыздың құрғауы, жүрек айну, құсу, қатты терлеу байқалады. Тыныс алу мен тамырдың соғуы жиілейді, қанда азот пен сүт қышқылының мөлшері артады. Бұл ретте бозару, көгеру байқалады, қарашықтар кеңейеді, кейде қалшылдау, естен тану туындайды.
Қатты қызу белгілері пайда болған кезде салқын, жақсы желдетілетін үй-жайға (орынға), көлеңкеге көшу қажет. Одан кейін бөлме температурасындағы сулы матамен сүртіну және су немесе салқын шай ішіу керек. Естен тану кезінде бірінші кезекте зардап шегушіні денесін қысатын киімнен босату, басын көтеріңкіреп жатқызу және еркін тыныс алуын қамтамасыз ету, беті мен кеудесіне суық су бүрку, желкесіне және жүрек тұсына суық компресс қою керек. Тыныс алуды қоздыру үшін мүсәтір спиртін иіскеткен дұрыс. Көрсеткіштер бойынша жасанды тыныс алдыру, жүрекке тікелей емес массаж жасау мен ауруханаға жатқызу әрекеттері жүргізілуі мүмкін.
Қатты қызу белгілері пайда болған кезде салқын, жақсы желдетілетін үй-жайға (орынға), көлеңкеге көшу қажет. Одан кейін бөлме температурасындағы сулы матамен сүртіну және су немесе салқын шай ішіу керек. Естен тану кезінде бірінші кезекте зардап шегушіні денесін қысатын киімнен босату, басын көтеріңкіреп жатқызу және еркін тыныс алуын қамтамасыз ету, беті мен кеудесіне суық су бүрку, желкесіне және жүрек тұсына суық компресс қою керек. Тыныс алуды қоздыру үшін мүсәтір спиртін иіскеткен дұрыс. Көрсеткіштер бойынша жасанды тыныс алдыру, жүрекке тікелей емес массаж жасау мен ауруханаға жатқызу әрекеттері жүргізілуі мүмкін.
Төменгі температура, ауаның аса қозғалғыштығы мен ылғалдылығы салқындаудың, тіпті ағзаның қатты салқындауы — гипотермияның себебі болуы мүмкін. Қалыпты суықтың әсер етуінің бастапқы кезеңінде тыныс алу жиілігінің азаюы, дем алу көлемінің артуы байқалады. Суық ұзақ уақыт әсер еткен кезде, дем алу көлемінің жиілігі артады, тыныс алу ырғағы, көмірсулық алмасу өзгереді. Температура 1°С-қа төмендеген кезде алмасу үдерістерінің өсуі 10%-ды құрайды, ал қарқынды суу кезінде ол негізгі алмасу деңгейімен салыстырғанда 3 есеге өсуі мүмкін. Бұлшық ет дірілінің пай да болуы бірқатар уақыт бойы ішкі органдар температурасының төмендеуін кідіртуі мүмкін, себебі сыртқы қызмет іске аспағандықтан барлық энергия ішкі жылуға айналады. Төменгі температуралар нәтижесі суықтық жарақаттар болып табылады. Сондықтан қатты суу белгілері (қалшылдау, бұлшық ет дірілі, тері жабындарының көгеруі, бұлшық еттердің сіресіп қатып қалуы) пайда болған кезде қарқынды дене жаттығуларын жасау қажет. Денені спиртке немесе араққа малынған мақта матамен қызарғанға дейін сүрту, тәтті ыстық шай ішу және жылы киім киген дұрыс. Неғүрлым қатты тоңу кезінде температурасы бөлме температурасынан +37°-қа дейін біртіндеп арттырылатын душ немесе ванна қабылдау қажет. Көмек көрсету кезінде бәрінен бұрын жүрек, бауыр тұсын, сондай-ақ басты, әсіресе желке мен мойынды жылытуға назар аударған жөн. Өкпенің қабынуынан сақтану үшін дәрігердің тағайындауы бойынша антибиотиктер қабылдаған дұрыс.
Үсу, үсік шалу — ызғар немесе төменгі температураның ағзаға жергілікті әсер етуі. Егер суықтың әсер етуі дененің жалпы температурасының төмендеуімен қатар жүрсе, онда ағзаның қатып қалуы мүмкін. Үсу кезінде дененің зақымданған жерінде шамалы ауырсыну, шаншу мен ашу байқалады. Бұдан кейін бұл сезінулер жоғалады да, жансыздану пайда болады. Тері бозарады немесе көкшіл реңкке ие болады.
Тіндердің зақымдану тереңдігіне қарай үсудің төрт дәрежесін ажыратады (33-сурет): жеңіл (I), орташа (II), ауыр (III) және өте ауыр (IV).
Үсудің бастапқы белгілері кезінде дененің үсіген жерлерін қолмен немесе жұмсақ матамен жақсылап уқалау, онымен бір мезгілде саусақтарды, табанды, білезікті белсенді қимылдарға келтіру керек. Егер мүмкіндік бар болса, онда аяқ-қолдың үсіген жерлерін бөлме температурасындағы (+18; +20°С) жылы суға салу және оны біртіндеп ыстық су қоса отырып +37°С-ңа дейін жеткізу, онымен бір мезгілде аяқ пен қолды абайлап уқалау керек. Терінің қалыпты түсінің өзгеруі үсіген жерде қан айналысының қалпына келгендігінің белгісі болып табылады. Жылытып алғаннан кейін теріні спиртпен сүрту және таза таңғыш таңу керек.
Зардап шегуші тіндерінде өзгерістер (терідегі күлдіреуіктер, жансыздану учаскелері) болған жағдайларда зақымданған жерлерді спиртпен сүртеді және оларға таза таңғыш таңады. Үсудің кез келген дәрежесінде терінің зақымданған жерлерін қармен үйкелеуге болмайды.
Жалпы тоңу дене температурасының айтарлықтай төмендеуімен қатар жүреді. Әлсіздік пайда болады, сөйлеу мен қозғалыс баяулайды. Мұндай күйдегі адам, әдетте, ұйықтап кетеді және есінен танады. Дене температурасы төмендеуінен тыныс алу мен жүрек қызметі бастапқыда әлсірей бастайды, ал содан кейін біртіндеп тоқтайды. Зардап шегушіні құтқару үшін оны дереу жылы үй-жайға жеткізу және денені абайлап уқалай отырып жылыту шараларын қабылдау қажет. Тәтті, ыстық сусындар беріледі. Мүмкіндік болса, су температурасы +36; +37°С болатын жылы ванна да пайдалы болады. Спиртті ішімдіктер беруге болмайды, олар зардап шегушіге үлкен зиян келтіруі мүмкін. Есінен танған, тыныс алуы сиреген, тамыр соғуы жоқ болған кезде жан сақтау шараларын жүргізу қажет.