Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүректің нағыз жауы

Жүректің нағыз жауы

1. Жоғары қан қысымы: Қан қысымы жүректің сығылуы кезінде, қан тамырларға үрлеген кезде, тамырларға жасайтын қысымы болып табылады. Жүрек сығылған кезде тамырдағы қысым жоғары қан қысымы, босаған кезде тамырдағы қысым төмен қан қысымы болады. Жоғары қан қысымы 140мм Hg, ал төмен қан қысымы 90мм Hg-ден көп болса қан қысымы жоғары деп саналады.
Белгілері: Таңертең оянғанда желке аймағында ауырсыну, кейде бас айналу, тез шаршау, құсу байқалады.
 2. Холестерин:Әсіресе жануар етінен жасалатын азықтарда болатын және көп мөлшерде қолданылғанда тамырдың ішкі бетіне жабысатын холестерин деп аталатын май. Тамырларды қатайтады және тамырдың бос жерлерін бітейді.
 3. Қан диабеті: Инсулин деп аталатын ұйқы безінен бөлінетін гормон азықтардан алынған глюкоза деген шекерді қаннан тканьдерге өткізеді. Қант диабеті кезінде инсулин бұл қызметті атқара алмайды. және айтқанда глюкоза мөлшері артады. Қан шекері қалыпты деңгейде ұсталмаса көз, бүйрек, жүйке жүйесі және басқа да органдарға емделмейтін аурулар пайда болады.
Белгілері: Көп су ішу, жиі және көп дәретке бару, тез ашығу, көп тамақ жеу, шаршау, көп ашулану, дірілдеу, әлсіздік. Аш қарынға қан анализі 126мг/д шықса, қант диабетінің белгісі болып табылады.
Жүреке зиянды нәрселер:
Шекер мен тұз, Дайын тағамдар, Семіздік, Көп жұмыртқа жеу, Ішімдік, Стресс, Айғайлай беру, Ашулану, Майлы ет пен нанды қоспалар, яғни гамбургер секілді дайын тағамдар, Қызыл ет, әрекетсіздік, лас ауа, Темекі.
Жүрекке пайдалы нәрселер:
Сұйық майлар, Таза ауа, Сұйық тағам, Балық, тауық еттері, Кебекті нан, Тыныштық, Жаттығулар, айран мен сүт, көкөніс және жеміс.
20 қыркүйек 2019 ж. 736 0