Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№2 газет

11 қаңтар 2025 ж.

№1 газет

07 қаңтар 2025 ж.

№103 газет

31 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Әлемдегі ең сүйкімді балық

Әлемдегі ең сүйкімді балық

Әлемнің ең сүйкімді әрі мейірімді балығы не десе, еске бірден дельфин оралары сөзсіз. Олардың өзге балықтардан ерекшелігі де – осы да. Олар туралы қызықты ақпараттарға қаныға отырыңыздар.

– Дельфиндер ешқашан жалғыз өмір сүрмейді. 

– Жалпы әлемде теңіз дельфиндерінің 32 түрі және 4 өзен дельфиндері бар.

– Ежелгі Грекияда дельфин өлтіргендер ауыр жазаға тартылатын. Гректер оларды "әулие балық" деп атайтын болған әрі дельфин сөзі ежелгі грек тілінен алынған. 

– Плиний, Геродот, Аристотель, Элиан секілді атақты философтар дельфиндердің аяушылығын, достығын және адамгершілігін сипаттаған. 

– Түрлі дельфиндердің суреттері теңізден қашық орналасқан Иорданияның Петра қаласында да кездеседі.

– Дельфиндер тістерін тек құрбанын ұстап қалу үшін пайдаланады, алайда қорегін шайнауға қолданбайды. Себебі оларда жақ бұлшық еттері жоқ.

– Кейбір дельфиндер алпыс сөзді ажырата алады. Мұндай мөлшерді сөзден 2000-ға жуық сөйлем құрауға болады. 

– Дельфиннің өкпесіндегі бір шай қасық су оны оп-оңай батырып жібереді.

– Дельфин шығарған ауа жылдамдығы сағатына 160 километрден асады. 

– Дельфиндер адам сияқты қорегінің дәмін ажырата алады. 

– Дельфиндер Жер шарының магнит өрісін жол ретінде қолдана алады. Сондықтан кейбір ғалымдар дельфин мекендеген жағалаулардың магниттік өрісі жоғары болу мүмкін екенін айтады. 

– Кейде дельфиндер өздерінің тұмсықтарымен акулаларды да өлтіре алады.

– Ғалымдардың пайымдауынша, дельфин дауысын дұшпанын қорқыту үшін пайдаланады.   

06 желтоқсан 2020 ж. 370 0