Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Австралияда дельфиндер қырылып қалды

Австралияда дельфиндер қырылып қалды


Бұл жағдай Хэмелин бұғазында болды. Австралияның оңтүстік-батыс жағалауындағы Хэмелин бұғазының жағасында 130-дан астам гринд дельфиндері өліп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі PerthNow сайтына сілтеме жасап.

150-ге жуық дельфин Австралияның оңтүстік-батыс жағалауындағы Хэмелин бұғазының жағасына шығып қалған. Олар түгел дерлік өліп қалды, қазіргі уақытта көп дегенде 15-і ғана тірі.
Тірі қалған дельфиндер таяз суда жүзіп жүр. Табиғат қорғау қызметі олар су ағынымен тереңірек кетеді деп үміттеніп отыр.
Қазір өлген дельфиндерді жинау жұмыстары жүріп жатыр. Олардың қырылып қалу себебін анықтау үшін сараптама жасалады. Жақын маңдағы жағалаулар жабық. Жергілікті халыққа акулалардың шабуылдауы мүмкін екендігі хабарланды.

23 наурыз 2018 ж. 1 419 0