Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » БІЗГЕ АРТЫЛҒАН СЕНІМДІ АҚТАЙМЫЗ

БІЗГЕ АРТЫЛҒАН СЕНІМДІ АҚТАЙМЫЗ

Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған заман ағымы, кезең тынысы болады. ХХІ ғасыр бүгінгі ұрпаққа, яғни біздерге бұйырған бақыт деп ойлаймын. Ата-бабаларымыз болашақ ұрпақ үшін ақтық демі қалғанша күресіп, бізге егемендік алып берді. Елдің ертеңгі сенімі де жастардың мойнында. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Осы ретте Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Мен, сіздер, бүгінгі жастар ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер.Сіздер жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер», - деген сөзі мемлекетпен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты екендігін айқындайды. Жасыратыны жоқ, республикамыздың барлық өңірлерінде жастар белсенділігі күшейіп келеді. Жастар әлеуметтік және қоғамдық өмірдің бел ортасынан табылып жүр. Елбасының Қазақстан жастарына деген сенімі жоғары екендігін, бүгінгі қыз-жігіттеріміздің интелектуалдық белсенділігін жоғары бағалайтындығын білеміз.
Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру біздің қолымызда,яғни жауапкершілігінде. Статистика агенттігінің жүргізген мониторинг қорытындысы бойынша мемлекетіміздегі адам санының 4,5 миллионнан астамы жастардың үлесінде. Бұл дегеніміз жалпы халықтың 30 пайызы жастар деген сөз. Ендеше, еліміздің ертеңгі болашағы жастардың бүгіннен бастап, қандай тәрбие алуы мен отан сүйгіштік қасиеттің дамуы аса маңызды. Ең әуелі жастар бойында рухани адамгершілік, саяси интелекттік, құқықтық тәрбие басым болғаны жөн. Бүгінде мен Сырдария аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінде әдіскер болып қызмет атқарып келемін. "Жастар практикасы" мемлекеттік бағдарламасының игілігін көрдім. Жарты жылға уақыт осы бөлімде тәжірибе жинап, жұмысқа қабылдандым. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан түрлі жобалар мен бағдарламаның біздер жастарға берері мол дер едім. Осындай мүмкіндік берген Елбасына да алғыс айтқым келеді.
Қорыта келгенде бүгінгі жастарға айтарым, әрбір жас жүрек өзінің туған Отаны - Қазақстанын жанындай сүйіп, танып, оған табынып өсуі қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, келешегіміз кемелдене түспек. Елбасымыздың Халыққа Жолдауында: Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұр,-деп , жастарға зор сенім мен үміт артып отыр. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын қылайық.
Нұрбол ДАИРОВ
жас маман
07 тамыз 2019 ж. 1 213 0