Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастар – ел ертеңі

Жастар – ел ертеңі

Жастар – біздің болашағымыз. Олар­ды жаңа заманда өмір сүруге үйрету –біздің міндетіміз.
Н.Назарбаев
Жастар – ел ертеңі, тәуелсіз елдің берік тұтқасы. Мемлекеттің еңсесін көтеретін де, мәртебесін асқақтататын да жастар. «Көздеп арман асқарың, талпын алға, жастарым» деп Төле би айтқандай, арманға берік, отансүйгіш жастардан ту ұстар азамат шығады.
Қазіргі күні жастарға үлкен мүмкіндіктер мен жағдай жасалынуда. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз кезегінде жастарға үміт артты, болашақты жастармен байланыстырды. Ел болашағы жастардың білім сапасына, бәсекеге қабілетті болуына, олардың ұмтылысы мен ынтасында. Жастарға арналған түрлі бағдарламалардың жасалынуы, білімге назар аударылып, мемлекеттік гранттар санының көбеюі, жастар денсаулығына баса назар аударылуы - мемлекеттің кейінгі толқынға жасаған жағдайы. «100 нақты қадам», «Қазақстан - 2050» стратегиясы, өткен мен бүгінгі тарихты байланыстыру үшін жасалған «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы да келешек ұрпақ игілігіне айналатын жобалар. Елбасының 2019 жылды «Жастар жылы» деп атауының өзі бізге деген үлкен қамқорлығы. Елімізде көптеген ұлттық тәрбиені насихаттайтын шаралар өтуде. Себебі ұлттық тәрбие — ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ маман жастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі. Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу үшін жасалып жатқан бұл шаралардың берері мол деп білемін.
Жасалынып жатқан осындай игі істерге жауап ретінде біз, жастар, ел өркендеуіне мол үлес қосып, аға-апалар салған сара жолды әрі қарай жалғастырып, жасампаз елдер қатарына қосылуымыз керек деп білемін.
Біз Ұлы Қазақ елінің ар-намысты ұрпағымыз! Бабалар дәстүрін құрметтеуге, оқуда озат, еңбекте адал болуға, жігерлі, парасатты, отансүйгіш азамат боламыз деп сендіреміз! Себебі, Біз болмасақ кім?

А.Сағатова,
Қорқыт Ата атындағы
ҚМУстуденті
02 шілде 2019 ж. 1 061 0