Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Ғалымдар аса қатерлі ісіктің себебін анықтады

Ғалымдар аса қатерлі ісіктің себебін анықтады


Аризона штаты университетінің ғалымдары өңештегі қатерлі ісіктің созылмалы әрі қиын емделетін түрін қалыптастыратын механизмді тапты. Зерттеушілердің мәліметінше, қатерлі жасушалар мутациялардың неғұрлым қарқынды жинақталуы нәтижесінде Барретт синдромына шалдыққан өңештің патологиялық тінінен дамиды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Phys.org сайтына сілтеме жасап.

Барретт синдромымен өңештің көп қабатты эпителиі цилиндрлі бола бастайды. Америка Құрама Штаттарында шамамен үш миллион адам осы аурудан зардап шегеді және аденокарцинома жыл сайын науқастардың 0,2 пайызында дамиды. Сонымен қатар, онкологиялық аурудың осы түріне шалдыққан науқастардың 15 пайызынан азы бес жыл өмір сүреді. Жасушалардың қатерлі тінге қандай механизм арқылы әсер ететіні белгісіз.

Биологтар цилиндрлік эпителий жасушалары геномының тұрақсыз екенін анықтады. Патологиялық тіндердің жасушаларында генетикалық әртүрлілікті тудыратын мутация жинақталады. Сонымен қатар, ДНҚ ақауларының пайда болу жиілігі ісігі дамып келе жатқан науқастарда жоғары болады.
26 ақпан 2018 ж. 1 747 0