Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Талпыныс табысқа жеткізеді

Талпыныс табысқа жеткізеді

Аманкелді ауылында кәсіпкерлік саласы дамып келеді. Мұнда жеке кәсіпкер Ғалымжан Байжанов қоғамдық моншаның жұмысын 2018 жылдан бері дөңгелетіп отыр. Ол ғимаратының құрылысын өз қаражатымен бастап, бірнеше мәрте төменгі пайызбен несие алып, бітірді. Екі жылдан бері жұмыс жасайтын монша бір мезетте 24 адамды қабылдайды. Ауылда монша болғаны қандай жақсы. Сондай-ақ ауылдың екі жұмыссыз адамы осы моншада еңбекпен қамтылып отыр. Оның бірі – от жағушы, екіншісі – жұмысшы.
Қазіргі карантин шараларына байланысты моншаға түсетін адам саны шектелген. Бұл ғимаратта санитарлық ахуал қатаң сақталып отыр. Тазалық – денсаулық кепілі. Ауылда қоғамдық монша тұрғындардың жеке гигиенасын сақтауына қызмет етеді. Өзге ауылдан аманкелділіктердің бір артықшылығы осы.
Ауылдағы тағы бір жағымды жаңалық «Ansar» дәріханасының филиалы Аманкелдіден ашылмақшы. Ауылдың медициналық колледж бітірген жұмыссыз тұрғыны Гүлзат Қарабаева «Ansar» есебінен бір жарым ай фармацевтік оқу курсынан өтіп, сертификат алған. Енді аманкелділіктер «басы ауырып, балтыры сыздаса» отыз шақырымдағы қалаға шапқыламайды. Тұрғындардың өтініші бойынша қажетті дәрі-дәрмек дәріханада сатылады.
Дәріхананың елді мекеннің орталығынан ашылуы қазіргідей карантин кезінде «жаман айтпай жақсы жоқ» індет байқала бастаса дәрі-дәрмек оның алдын алуға қажет болатыны сөзсіз.
Аманкелді ауылында жарықтандыру жұмысы да жақсы жолға қойылған. «Талант» ЖК-мен келісім­шарт жасалып, Қ.Баймағанбетов көшесінің бір шақы­рымына жарықтандыру жұмыстары атқарылған. Сон­дай-ақ, Т.Тышқанбаев көшесінің бес шақырымын жарық­тандыруға «Қымбат және К» ЖШС жеңімпаз атанып, жұмыс­тарын бастап кетті.
Ауылда мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсіп­керлік те өріс алуда. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жыл­дарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша құны 22,9 млн теңгені құрайтын тоғыз жоба қаржыландырылса, тағы осы бағдарламаның екінші бағытының «Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру туралы» тетігі бойынша он алты жоба мақұлданып, қаржыландырылған.
Туған жерді түлету – әрбір азаматтың парызы. Туған ауылына жақында әкім болып тағайындалған Мейрамбек Нұрғалиев бұған дейін Қызылорда қаласында кәсіпкерлікпен айналысты. Бұл саланың қыр-сырына жетік азамат.
– Басқа салалармен бірге кәсіпкерлікті дамыту ойда жүрген мәселе, соған орай жұмыс жасап жатырмыз, – дейді ауыл әкімі.
Кәсіпкерлік экономиканың локомотиві дейтін болсақ, бұл бойынша Аманкелдіде әжептәуір талпыныс бар.


Шахарбек Нұрсейітов
20 қазан 2020 ж. 681 0