ҚОҒАМДЫҚ МОНША ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ЖАРАП ТҰР
Осылайша ауылды аралап жүріп жақында күрделі жөндеуден өткен кәсіпкерлік нысанға көзіміз түсті. Ауыл халқының басым бөлігіне үздіксіз қызмет етіп, көпшіліктің назарына ілінген бұл жер «Қоғамдық монша» екендігін білдік. Моншаны жеке кәсіпкер Ғалымжан Байжанов 2017 жылдың қараша айына бастап ашқан. Ауыл азаматы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдармасы шеңберінде 1 жарым млн қажат алып, игілікті іске бастамашы болады. Бұдан бөлек кәсібін аяққа тұрғызу үшін мемлекеттен 4 млн несие алады. Ауылдағы тозығы жеткен нысанды бүгінде халық игілігіне айналдырған кәсіпкерге ел-халқы дән риза.
«Жігіттің жұмсаған күшін сұрама, бітірген ісін сұра» – деген тәмсілді жадымызға түйіп, межелеген орынға барғанда орналасуы жағынан ерекше дүниелерге қанықтық. Қатты отынмен жылытылатын моншада екі жуынатын бөлме, шешінетін, демалатын бөлмелермен қамтылғандығын аңғардық. Сондай-ақ, бір мезетте жиырма адам шомыла алады. Бір-біріне кедергі болмайтындай ара-қашықтықта адамдар ыстық буда отырып, еркін тыныстайды. Кезек күткен жағдайда демалатын орындарға жайғасады. Моншада үш қызметкер тәулік бойына келушілерге қызмет етеді. Аптаның 6 күнінде жұмыс істеп, сейсенбіде санитарлық тазалық жүргізіледі. Өз кезегінде кәсіпкер Ғалымжан Байжанов тұрғындар арасында акциялар ұйымдастыралатынын жеткізді. Мысалы тұрақты түрде төрт реткелген азамат бесінші рет тегін монша қызметін пайдаланады. Сонымен қатар әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға арнайы көмектер қарастырылған. Алдағы уақытта тағыда «Қоғамдық монша» қызметі ұлғайып, отбасыларға арналған қосымша шомылу бөлмелері ашылады. Монша бағасы қарапайым халыққа тиімді.
Әрине «Сүйіп істеген іс шаршатпайды» деген сөздің байыбына барсақ қашанда жаны қалаған кәсіпті игерсең қор болмайтындығыңды дәлелдейді. Аманкелділіктер бүгінде қолынан іс келетін Ғалымжандай азаматымен мақтанады. Әрқашан адал нәпақасын табауға талпынған жан жетістікке жетпей қоймайды. Ел батасымен көгеріп, адалынан еңбек еткенде ғана мақсатың айқын болары хақ. Қолда бар қажатты кәсібіне құйып, кейін еселеп қайтару үшін алдымен істің көзіне машықтану керек. Осының барлығын бір арнаға ұштастырған жеке кәсіпкер Ғалымжан Байжановтың келер күннен күтер үміті көп.