Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сақтық шараларына жауапкершілікпен қарайық

Сақтық шараларына жауапкершілікпен қарайық

Баршамызды біраз әбігерге салған коронавирус індетімен күрес шаралары қарқынды түрде жүргізілді. Мерзімінде енгізілген карантин шараларының арқасында індетті ауыздықтауға мүмкіндік туды.

Әлем мемлекеттерін дүр сілкіндірген бұл індет - адамдар арасында тез таралуымен ерекшеленетін аса қауіпті індет.

Індеттің негізгі қоздырғышы – коронавирустың жаңа түрі "2019-nCov2". Осы індеттің халық арасында таралуының алдын алу мақсатында еліміз бойынша төтенше жағдай жарияланған болатын. Коронавирус індетінен сақтану шаралары бойынша халық арасында қаншама санитариялық-ағарту жұмыстары жүргізілгеніне қарамастан аталмыш дерт біздің Сыр өңірін де айналып өткен жоқ. Жаңақорған ауданында тіркелген жағдайларға байланысты денсаулық сақтау саласы қызметкерлері күшейтілген жұмыс режимінде жұмыс жасады және соңғы науқас сауығып шыққанға дейін көптеген тірліктер іске асырылды.

Менің айтпағым, тұрғындар тарапынан сақтық шараларына әлі де жете мән берілуі керек, жұмыс істеуге рұқсат етілген барлық еңбек ұжымдарында санитариялық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Сондықтан барша тұрғындарды сақтық шараларына үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырамын.

Сондай-ақ, жиын-тойларды барынша тоқтатып, коронавирус инфекциясынан сақтану шараларына баса мән берулеріңізді сұраймын.

Адамдармен қарым-қатынаста, көшеде жүргенде үнемі бетперде киіп, қолды сәт сайын антисептикалық сұйықтықтармен жуып жүрейік...

Отарбеков Асқан Бердіұлы,
Жаңақорған ауданаралық ауруханасының
жоғары санатты дәрігер-эпидемиологы
27 тамыз 2020 ж. 282 0