Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Амандыққа ештеңе жетпейді

Амандыққа ештеңе жетпейді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа телевизиялық Үндеу жолдады. Үндеу қауіпті індетпен күрес шараларына арналды және басым бағыттар жария етілді. Аудандық газеттің сайтынан Үндеудің толық мәтінін оқып, танысып шықтым.

Пандемия басталғалы Президент пәрменімен нақты жұмыстар қолға алынды. Денсаулық сақтау саласы күшейтілген жұмы срежиміне көшіп, науқастарға сапалы медициналық көмек көрсету үкімет деңгейінде талқыланды. Арнайы комиссия құрылып, штаб отырыстары өткізілді. Бұл жұмыстардың нәтижесі де жоқ емес. Егер, дер кезінде шешім қабылданбағанда науқастар саны бүгінгіден де көп болар еді.

«Жағдайдың тұрақталатыны сөзсіз. Оның алғашқы белгілері де бар. Сондықтан, алдағы екі апта біздің болашақ қадамдарымыз үшін шешуші кезең болмақ. Барлық азаматтарды тағы да карантин ережелерін қатаң сақтауға шақырамын. Індетпен күрестің нәтижелі болуы, ең алдымен, барша жұрттың саналы әрекеті мен жауапкершілігіне байланысты. Бұл  – өте қауіпті, батпандап кіріп, мысқалдап шығатын дерт» деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Иә, расында да қауіпті індеттің қалай, қашан, кімнен жұғатынын ешкім білмейді. Сақтану үшін денсаулық сақтау саласының мамандары ұсынған талаптарды қалтқысыз орындау керек. Оның үстіне көршілес елдердегі жағдай бізден де қиын. Сол себепті әр адам жауапкершілікті сезінуі қажет. Бұл туралы Үндеуде жан-жақты айтылды. Біраз ой түйдік. Ендігі кезекте мамандар кеңесін орындап, карантин талаптарын орындаймыз.

Марат ОМАРОВ,
аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы

09 шілде 2020 ж. 460 0