Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы екі апта біздің болашақ қадамдарымыз үшін шешуші кезең болмақ - Қасым-Жомарт Тоқаев

Алдағы екі апта біздің болашақ қадамдарымыз үшін шешуші кезең болмақ - Қасым-Жомарт Тоқаев

Алдағы екі апта біздің болашақ қадамдарымыз үшін шешуші кезең болмақ. Бұл туралы республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты үндеу жасаған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті, отандастар! Баршаңызға мәлім, қазір әлемдегі пандемияға байланысты қалыптастан жағдай күрделене түсуде. Коронавирустың таралуы бәсеңдемей отыр. Кейбір елдерде бұл індет қайтадан ушығып бара жатыр. Әлем бойынша осы вирусты жұқтырғандардың саны шамамен 12 миллионға жетті. Соның салдарынан 500 мыңнан астам адам қайтыс болды. Сол себепті бірқатар елдерде карантин талаптары қайта күшейтіліп, әуе, көлік қатынасы қайтадан шектелді. Өкінішке қарай, біздің елдегі жағдай да оңай болып тұрған жоқ. Мемлекеттік комиссияның шешімімен 5 шілдеден бастап елімізде 2 апталық мерзімге карантиндік шаралары енгізілді. Бұл аса қажетті шешім болды. Жағдайдың тұрақталатындығы сөзсіз. Оның алғашқы белгілері де бар. Сондықтан алдағы екі апта біздің болашақ қадамдарымыз үшін шешуші кезең болмақ», - деді Мемлекет басшысы.

08 шілде 2020 ж. 361 0