Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Коронавирус: Вирус жұқтырғандар саны 27-ге жетті

Коронавирус: Вирус жұқтырғандар саны 27-ге жетті

Нұр-Сұлтанда коронавирус бойынша тағы 14 жаңа науқас тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгін сіздерге Алматы қаласында қосымша 3 коронавирус жағдайы тіркелгенін жеткіздік. Қазіргі уақытта қосымша Нұр-Сұлтанда 14 жаңа науқас тіркелді. Бұл науқастар тәртіп бойынша карантинге жатқызылып, байланыс жасаған азаматтармен бірге жұмыс жасалды. Барлық байланыстағы адамдар анықталуда», - деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов онлайн форматта өткен баспасөз мәслихатында.
Осылайша, қауіпті індетпен ауырғандар саны 27-ге жетті. Оның ішінде 16 жағдай - Нұр-Сұлтанда, 11 факті - Алматыда тіркелген.
Еске салсақ, бұған дейін коронавирус жұқтырғандар саны 13 адам болғанын хабарлаған болатынбыз.
Сондай-ақ, Қазақстанда төтенше жағдай жарияланып, азаматтардың 15 сәуірге дейін ел аумағынан шығуына тыйым салынды.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына үндеу жолдады.

17 наурыз 2020 ж. 661 0