Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыз су сапасына, атмосфералық ауаға жүргізілген мониторинг нәтижесі

Ауыз су сапасына, атмосфералық ауаға жүргізілген мониторинг нәтижесі

Атмосфералық ауаның сапасы халықтың денсаулығына әсер ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады. Бұл мәселе ірі және халық тығыз қоныстанған қалалар, өнеркәсіптік өңірлер және көлік жүктемесі жоғары аумақтар үшін ерекше маңызға ие.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмысының негізгі бағыттарының бірі – атмосфералық ауаның жай-күйіне мониторинг жүргізу. Ауа сынамалары көпжылдық зерттеулердің нәтижелері мен халық денсаулығына төнетін ықтимал тәуекелдерді ескере отырып айқындалған бақылау нүктелерінен алынады.

Жыл сайын республика бойынша 600 мыңнан астам атмосфералық ауа сынамасы алынып, зерттеледі. Мониторинг шамамен 4,1–4,5 мың бақылау нүктесінде жүргізіледі.

Санитариялық қызмет атмосфералық ауаның ластану деңгейі мен халық денсаулығының жай-күйі арасындағы байланысты бағалап, тәуекелдерді айқындайды. Зерттеу нәтижелері басқарушылық шаралар қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарға жолданып, өңірлерді дамыту, жер учаскелерін пайдалану және зиянды заттар шығарындыларының көздері болып табылатын объектілерді орналастыру мәселелерін жоспарлау кезінде ескеріледі.

Осылайша, атмосфералық ауаның санитариялық мониторингі экологиялық тәуекелдерді уақытылы анықтауға және халықтың денсаулығын қорғауға бағытталған шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Сырдария ауданында атмосфералық ауаға шығындылары бар нысандар, өндірістік орнында орналасқан. Барлық көздерден атмосфералық ауаға ластаушы заттардың қауіптілігі аудандық басқармамен бақыланып отырылады.

Аудан бойынша тұрақты негізде елді мекендердің атмосфералық ауасының жай-күйіне санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізіледі.

Атмосфералық ауадан сынама алу жұмыстары магистральды көшелерде, кент, елді-мекеннің қоныстану аймақтарында жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-193/2020 бұйрығымен бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес атқарылуда.

Бүгінгі таңда аудан бойынша 2026 жылдың 9 ай қорытындысымен атмосфералық ауаның 75/0 cынамасы алынып, оның ішінде шектеліп рұқсат етілген концентрациядан жоғары анықталғаны болған жоқ.

Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бақылауында 17 сумен жабдықтау объектісі бар, оның барлығы орталықтандырылған жүйелердің су құбырлары, яғни аудан тұрғындары 100 пайыз орталықтандырылған ауыз су жүйесін қолданады.

2026 жылдың 9 ай қорытындысымен мониторингтік бақылаумен осы орталықтандырылған ауыз су жүйелерінен әрбір 3 ай сайын су сынамалары алынып, зерттелінді. Нәтижесінде орталықтандырылған сумен жабдықтау объектілерінен микробиологиялық көрсеткіштерге 153/3 су сынамасы алынып, оның ішінде 3 сынамадан оң нәтиже анықталып, талаптарға сәйкес келмеушілік 1,96 пайызды құрады. (Қалжан-Ахун ауылының орталықтандырылған ауыз су жүйесінен алынған ауыз су сынамасы 9/3-,,3 пайыз)

Ауыз судың санитариялық-химиялық көрсеткіштеріне 153 сынама алынып, оның 9- ында сәйкессіздік анықталды, сай келмейтін сынамалардың үлес салмағы 5,8 пайызды құрады (С.Сейфуллин ауылының орталықтандырылған ауыз су жүйесінен — 90 %). Санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік көбіне құрғақ қалдық, хлоридтер бойынша нормадан жоғары анықталды.

Сәйкес келмейтін үлгілердің барлық фактілері бойынша басқару шешімдерін қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарға және су пайдалану объектілерінің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне ақпарат жолданып, су жүйесінде суды қайта айдау, залалсыздандыру, жуу жұмыстары атқарылды.

Мониторингтік бақылау шаралары жалғасын табады.

Фото: ашық дереккөзден
16 қазан 2026 ж. 68 0