Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұмау: нені білу маңызды және қалай қорғануға болады?

Тұмау: нені білу маңызды және қалай қорғануға болады?

Жіті респираторлы вирустық инфекциясы (ЖРВИ) адам денсаулығына және елдің экономикасына да зардабын тигізетін дерт болып табылады. ЖРВИ- дың ішінде ең қауіптісі тұмау болып табылады.


Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша әлемде жыл сайын 3 – 5 млн. адам тұмау аурушаңдылығына шалдығады.


Тұмау – жасы мен жынысына қарамастан барлық адамдарды зақымдайтын қауіпті вирусты жұқпалы ауру. Тұмау ауруының қоздырғышы вирус болып табылады. Тұмаудың вирусы тұрақсыз өзгермелі болады.


Расында да, өзгермелігінде тұмауға тең келетіні жоқ. Әрбір екі-үш жыл сайын тұмаудың берілу механизмі өзгеріп отырады. 10-12 жыл сайын вирустың жаңа түрлері пайда болып, олар алдыңғы түрлерінен өзгеше болып келеді.


Тұмау ауруының жұғу көзі - тұмаумен ауырған адам болып табылады. Науқас адам түкіргенде немесе жөтелгенде және түшкіргенде сау адамға жұғу қаупі жоғары.

Тұмау ауруының алғашқы кезеңі өте жедел басталады. Жасырын инкубация мезгілі бір-екі күнге созылып, клиникалық белгілер пайда болады: әлсіздік, дене қызуының жоғарлауы, бас ауруы, бұлшықеттерінің ауруы.

Тұмау вирусының қауіптілігі организмдегі созылмалы жүрек, өкпе, жүйке, жүрек-тамыр жүйесіндегі ауруларды асқындыруы болып табылады.

Сырдария ауданы бойынша 2026 жылдың 9 айында 3893 жедел респираторлы инфекциясы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны- 2569, 2025 жылдың осы кезеңінде 1983 науқас тіркеліп, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны- 1136 болған, биылғы жылы ауру көрсеткіші 1,9 есеге көтерілген.


Ауруының алдын алу шарасы – екпемен егілу, яғни вакцинопрофилактика.

Құрметті аудан тұрғындары бүгінгі таңда ауданда тұмауға қарсы егу жұмыстары басталды, тұмау ауруын алдын алуда, асқындыру жағдайларын болдырмау мақсатында Сіздерді вакцина алуға шақырамыз! Биылғы тұмаудың жаңа эпидемиялық маусымына Ресейде өндірілген «ГРИППОЛ+» вакцинасы қолданылуда.


Тұмаудың алғашқы белгілері пайда болғанда:

Төсек тәртібін сақтау.Дәрігерді үйге шақыру. Ауру жататын бөлмені мұқият желтетіп отырған жөн. Лимон, құлпынай, қарақат және бал қолдану. Даладан және қоғамдық көліктен келгеннен кейін қолды мұқият, жүйелі түрде жуу, мұрын қуысын тұзды сумен шаю. Үй-жайға жүйелі түрде ылғалды жинау жүргізіп отыру. Құрамында С витамині бар өнімдерді (мүкжидек (клюква), итбүлдірген, шиповник, қарақат, лимон және т.б.) тамаққа көбірек пайдалану. Дәрігердің ұсынымы бойынша иммунитет көтеретін препараттарды пайдалану.

Салауатты өмір салтын ұстаныңыз, жақсы тамақтаныңыз және дене шынықтырумен үнемі айналысыңыз!

Фото: ашық дереккөзден

16 қазан 2026 ж. 75 0