Қиындықты бірігіп еңсереміз
Ел басына төнген қауіптен ешкім де сырт қала алмайды. Оған қарсы шаралар қолдану, бірігіп күресу — бәріміздің парызымыз. Коронавируспен күресте жанкешті жұмыстар атқарылуда.
Бүгінгідей жағдайда белгіленген тәртіптің қатаң сақталуы — қауіпті дертке тосқауыл қоюдың басты шарты. Оны орындау үшін қалай болғанда төзімділік пен шыдамдылық қажет-ақ. Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев осы індетке қатысқы өткен кеңесте сақтық шараларын қатаң сақтау керектігін ескерткен болатын. Осы орайда елімізде короновирустың екінші толқыны басталып кеткендей. Жұқпалы вирус күннен-күнге өршіп бара жатыр. Сақтық шараларын күшейту керек. Қарапайым гигиеналық талаптарды сақтаған жөн. Төтенше жағдай кезінде той жасаудан бас тартқан абзал. Жиын-той жасап қауіпті күшейтпеу қажет.
Өңірде ас-жиын, той-томалақта бас қосуға болмайды. Ұлт саулығы үшін той-думанды уақытша шегере тұру қажет. Өйткені көпшілік жиналған орында бұл індеттің таралу көрсеткіші жоғары саналады. Сондықтан жақынымызды қауіпке итермелемей, сақтық шараларына аса мән берген жөн. Аудан жұртшылығын осыны қолдауға шақырамын.
Бүгінде шектеу шаралары қайта күшейтілуде. Бұл ел аумағында коронавирустың көптеп таралуының салдарынан туындар отыр. Сондықтан оған қарсы тұру үшін дер уақытында дұрыс шешімдер жасалып жатыр.
Ауызбіршілігіміз мықты болса алынбайтын қамал жоқ. Қазір той тойлап жүретін уақыт емес. Сындарлы сәттен аман-есен өтсек бәрінің қалпына келетініне сенеміз.
Б.АХМЕТОВ,
кент тұрғыны