Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызметкерлер жедел шеберлікті арттыруда

Қызметкерлер жедел шеберлікті арттыруда


№1 мамандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі»  ММ аппаратының офицерлік құрамына кәсіби шеберлігін жетілдіру, өрттерді сөндіруді ұйымдастыру дағдыларын игеру,  одан әрі іс жүзінде қолдану үшін сабақ өткізілді. Газ–түтіннен қорғау қызметінің құрамындағы өрт сөндірушілер тыныс алуға  жарамсыз ортада адамдарды іздестіру және құтқару әдістерін жетілдірді.
Сабақ барысында әр қайсысы 3 газ–түтіннен қорғау қызметкерінен тұратын 4 газ–түтіннен қорғау қызметі звеносы құрылды. ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ қызметкерлері жаттығу барысында тыныс алу органын қорғау жабдықтарымен қараңғы өрт боларлықтай жағдайды бастан кешірді. Құтқарушылардың негізгі міндеті –қою түтінге малынған кеңістікте мүмкіндігінше тезірек әрекет ету, тыныс алуға жарамсыз ортада өрт ошағын табу, сөндіру, зардап шеккен адамды сыртқа шығарып, оны қауіпсіз жерге көшіру болды.
«Бүгін офицерлер үшін жылу-түтін камерасында ай сайынғы жоспарлы сабақ өткізіліп, онда газ түтіннен қорғау қызметінің үйлесімді жұмысы  пысықталды. Осындай жаттығулар жеке құрамның жауынгерлік қабілетін арттыру үшін өткізіледі», — деді Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау майоры Бауыржан Оспанов.
Жылу түтін камерасындағы сабақтар - шын мәнінде төтенше жағдай орын алған уақытта құтқарушылардың дұрыс әрекет ету дайындығын арттыру үшін негізгі кезеңдердің бірі екендігін атап өтуге болады. Осындай жаттығулардың мақсаты - орта және аға басшы құрамның жедел шеберлігін арттыру, өрт сөндіруші жауынгерлердің психологиялық тұрақтылығын және  шұғыл жағдайлардағы жұмысқа дайындығын тексеру болып табылады.
Қызылорда облысының  ТЖД 
«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару 
жұмыстары қызметі» ММ
 
24 шілде 2018 ж. 864 0