Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Дала өрті өршімесін

Дала өрті өршімесін

Орман өрті – абайсыз жағылған оттан, сөнбей қалған шоқтан кейде найзағайдан да пайда болады. Орман өрті көбінесе құрғақшылық жылдары, ерте көктемде және күзде болады. Орман өрттері үлкен жылдамдықпен тарайды және жердің орасан үлкен аумағын өртеп жіберуі мүмкін. Ол кез келген жерде өртенеді.
Орман – еліміздің байлығы, жануарлар дүниесінің панасы, адамдар денсаулығына, қоршаған ортаға оң ықпал ететін жасыл дүние. Осы орманды өрттен сақтау маңызды. Сондықтан кім болса да аудан аумағындағы орман-тоғайды өрттен сақтауға міндетті. Қасақана өрт шығуына себепкер болғандар заң жүзінде жазаланады. Табиғатқа, туған жерге жанашырлықпен қарайтын жандар орманның өртке орануына ешқашан жол бермейді. Өрт – айтып келмейтін апат. Өрт оқиғасы бола қалған жағдайда әрдайым сақтанғанымыз абзал. Табиғатты және айнала қоршаған ортаны қорғау және сақтау туралы ілімдерді санамызға сіңіре білуіміз қажет.
Орын алған төтенше жағдайлар мен оқиғалар кезінде «101», 21-2-00 және 21-4-94 телефондарына хабарласуыңызды сұраймыз.

А.Оразбеков,
Сырдария ауданының төтенше
жағдайлар бөлімінің бастығы,
азаматтық қорғау подполковнигі
16 мамыр 2020 ж. 888 0